Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3285 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 10:51

Тәжік режиссерін Ресейге кіргізбеді

РФ шекарашылары тәжік режиссері Барзу Абдураззоковты Ресейге кіргізуге рұқсат бермеген. Оны бірнеше сағат ұстап, Тәжікстанға кері қайтарып жіберген. Себебі, оның паспортында Украина, Түркия және Грузияға барғандығы жөнінде мөр болған.

Абдураззоков қырғыз әртістерімен бірге Мәскеуге ұшып барған. Ол жерден Санкт-Петербургке ұшу керек болған. Онда ол ТМД және Балтия елдерінің халықаралық театр фестиваліне қатысып, "Мәңгүрт жөніндегі баллада" қойылымын қою керек еді.

Театр саласының танымал қайраткері Шыңғыс Айтматов атындағы мемлекеттік орыс драма театры фестивалде үздік деп танылып, ССРО әртісі Кирилл Лавров атындағы жүлдені жеңіп алғанын айтады.

"Мәңгүрт жөніндегі баллада" Шыңғыс Айтматовтың романы негізінде қойылған. Бұл спектакльдің сценарий авторы, қоюшы режиссері және музыкасын өңдеген Барзу Абдураззоков.

Барзу Абдураззоков өзін "Домодедово" әуежайында бір сағаттай ұстап, Мәскеу-Куляб рейсімен кері қайтарып жібергенін айтады. "Фестиваль ашылған күні мен Душанбеде болдым, әртістер менсіз қатысты", - дейді ол.

Айта кету керек, Абдураззоков 2013 жылдан бері Қырғызстанда жұмыс істеп келеді. Оған екі жыл қатарынан үздік режиссер атанды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522