Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3314 0 пікір 14 Сәуір, 2016 сағат 10:47

Украина Қырым басшысын тұтқындауға санкция берді

Киевтің Печер соты Ресей тарапынан аннексияланған Қырым басшысы Сергей Аксеновті "Артек" балалар лагерінің мүлкін Ресейге бергені үшін қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Бұл жөнінде Украинаның Бас прокуратурасының ресми сайтында жарияланды.

Онда сонымен бірге "Артек" халықаралық балалар орталығының барлық мүлкіне де тыйым салынғандығы хабарланған. Лагердің Ресейге берудегі жалпы зиянын Украина 242 миллион гривенге (шамамен 9 млн 308 мың АҚШ доллары) бағалайды.

2014 жылы Қырым аннексиясынан кейін, Ресей үкіметінің бұйрығымен "Артек" лагерінің аумағында қайта жөндеу жұмыстары басталған. 2014 жылдың 16 маусымынан бастап лагер халықаралық балалар орталығы деп өзгертілді. Оның құрылтайшысы Ресейдің Білім және ғылым министрлігі деп бекітілген.

2015 жылдың наурыз айында Ресей үкіметі "Артекті" 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасын қабылдаған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515