Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3440 0 пікір 11 Сәуір, 2016 сағат 12:06

КАРИМОВАНЫҢ ЖЕКЕ ЕСЕПШІСІ 18 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримоваға тиесілі коммерциялық құрылымдардың бірінде жоғары лауазымда болған Нұрмұхаммад Садықов 18 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы «Орталық Азиядағы адам құқықтары» қауымдастығының жетекшісі Надежда Атаева хабарлады. Кей дерек бойынша, "Нурик" есімді лақап атымен танымал Нұрмұхаммад Садықов ұзақ жылдар бойы Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримованың жеке есепшісі болған.

​Үш жыл бұрын Садықов Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келген бетте Ташкент әуежайында тұтқындалды. Оған қаржылық алаяқтық жасады деген айып тағылды.

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бұрын Өзбекстанның тергеу орындары президент қызының ірі телекоммуникациялық компаниялардан пара алуына қатысты жемқорлық істеріне байланысы бар деген айыппен Гүлнәр Каримованың бірқатар жақын адамын ұстаған еді. Бұл жемқорлық дауымен Құрама Штаттар және Еуропаның бірқатар елінің тергеу орындары айналысуда. Тұтқындалғандардың арасында Гүлнәр Каримованың азаматтық күйеуі Рустам Мадумаров пен оның жеке көмекшісі Гаяне Авакян бар.

2014 жылдың мамырында Мадумаров пен Авакянды Өзбекстанның Әскери соты адам ұрлады деген айыппен 9 және 6 жылға соттады.

Ұрланған адам дәл осы Нұрмұхаммад Садықов болатын. Надежда Атаеваның айтуынша, Садықов және Гүлнәр Каримованың істі болған өзге де жақын адамдарына қатысты барлық сот отырысы жабық жағдайда өткен.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475