Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 4874 0 пікір 6 Сәуір, 2016 сағат 11:22

«ҚАЙРАТТЫҢ» БАС БАПКЕРІ ҚЫЗМЕТІНЕН НЕГЕ КЕТТІ?

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Александр Бородюк алматылық клубпен келісімшартты үзді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, келісімшарт ресейлік маманның бастамасымен тоқтатылған. "Клубтың басшылығы бапкерді қызметінде қалдыруға тырысты, дегенмен Александр Бородюк "Қайрат" клубынан кетуге шешім қабылдады. Футбол клубы Александр Генриховичке біздің клубта жасаған жұмыстары үшін алғыс айтып, сәттілік тілейді", - делінген клубтың хабарламасында.

Бородюктің қызметінен кететіні туралы мәлімет алматылық клубтың "Ақжайықтан" жеңіліп қалуынан кейін шыға бастаған еді. Үш ойын өтсе де, "Қайраттың" қоржынында бір-ақ ұпай бар.

Айта кетейік, Бородюк "Қайрат" клубының бас бапкері қызметіне 2015 жылдың 28 желтоқсанында келді. 53 жастағы ресейлік спортшы алматылық клубты үш жыл жаттықтыруы тиіс болған.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1124
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2659
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 777
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 743