Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 10356 1 пікір 1 Сәуір, 2016 сағат 10:53

ҚАЗАҚ ЖЕРІ ЛАТИФУНДИСТЕРДІҢ МЕНШІГІНЕ БЕРІЛЕДІ

Ауылшаруашылығы мақсатында шаруалардың иеліктеріне тиесілі 2 миллионға жуық гектар (1,7 млн. гектар) жер 1-шілдеден бастап аукцион арқылы сатылымға шығарылмақ. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мырза Орталық коммуникациялар қызмезметінде өткен брифингкте мәлімдеді.

Досаев мырзаның айтуынша, 2016 жылы Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» жоспарын жүзеге асыру мақсатында әм «Индустриализация және экономикалық өсім» реформасының үшінші толқыны шеңберінде 152 нормативтік-құқықтық акті мен 2 кодекс және 4 Заң жобасы қабылданатын болады.

Досаев мырзаның сөздеріне сенсек, қазақ жерін аукцион арқылы сатылымға шығарып, жеке тұлғалардың қолдарына тапсыру (миллиондаған қаражатқа қара қазақ сол жерлерді сатып алуы мүмкін деген түсінік алдамшы болуы мүмкін – Ред.) қара шелегі қаңғырлап тұрған Ұлттық экономиканы көтеру деген идея Мемлекет басшысының «100 нақты қадамында» айтылып қойған-мыс.

«Жергілікті атқарушы органдардың құзыретімен, 1-шілдеден бастап 1,7 миллион гектар ауылшаруашылығы мақсаттарына тиесілі жер жеке тұлғалардың қолына тапсырылады. Сатылым процессі аукцион арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда сатылымға шығарылатын 645,4 мың гектар немесе 1271 жер телімі сатуға дайын»,-дейді Досаев мырза.

Министр мырзаның айтуынша, сатылымға шығарылған сол жерлердің қазіргі иелері жалға алып отырған жерлерін сатып алуға мүмкіндік бар. Мысалы, кадастрлық бағаның 50 пайызынан бастап 10 жылға дейін бөліп төлеулеріне болады-мыс. Ал кадастрлық құн – аукциондағы бастапқы баға болмақ.

«Екінші мәрте аукционда сатылымға шығарылған жерлер қолданысқа енгзілмеген жағдайда, ол жердің құны 50 пайызға төмендетіліп, қайтадан үшінші мәрте аукционға түспек. Егер жер телімі сатылмайтын болса, аукционнан алынып тасталады»,-дейді Министр мырза.

Досаевтың деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда 454 жер иеленушілер немесе 108,2 мың гектар жердің иелері аукционға қатысуға ұсыныс білдірген.

Тақырыпқа тұздық

Осының алданда «Жер кодексіне» ауылшаруашылығы алқаптарын сату жөнінде арнайы өзгеріс енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Жер кодексіне жасалған түзетулерден кейін Досаеву мырза сүйінші сұрап, қазақ жері бұдан бұлай аукционға салынып, голландық тәсілмен сатылымға шығарыладын  деген еді.

Ол кезде де, Досаев мырза деректер келтіріп, елімізде 100 миллиондай гектар жер ұзақ мерзімді жалға алынғанын әм  жеке меншікте бар – жоғы 1,2 пайыз жер бар екенін айтқан-тын.

Қысқасы, кәрі тарихта «Ұлы дала» аталған, баһадүр бабаларымыз қытаймен, орыспен, жоңғар-қаламақпен, сарт-сауанмен қидаласып жүріп алып қалған байтақ жеріміз енді бүгінгі көпұлтты қазақстандықтардың жеке меншігіне айналудың алдында тұр.

Қазіргіндей қысылтаяң, қиын шақта қолында қаржысы бар адам жер саудасынан көп ұтары сөзсіз. Ал, жерді жекеменшікке сатудан түскен пайда әлемдік дағдарыс пен Ресейге салынған санкциялардың салқынын сезіп отырған Қазақстанның бюджетіне кіріс кіргізуі мүмкін. Биліктің жаппай жекешелендіруді тездетуге пәрмен етуінде, міне, осындай астар болса керек.

Әңгіменің  ауаны әу баста Президент Назарбаевтың 5 институттық реформасында айтылған еді. Елбасы  реформасының «100 нақты қадамында» жерді нақты меншік иесіне беру туралы айтылған.

Мәсімов үкіметі өткен жолы бірінші аукционды ұйымдастырып, одан 1,5 млрд. теңге пайда тапты.  Алайда, ұзақмерзімді жалға бер­геннің өзінде жер  сіз бен біз секілді қалтасы тесік қазақтың емес, олигархтардың қолына өтуде.

Ал, енді жер сатылған жағдайда, біз жерден айырыламыз. Қазіргідей жа­һандық дағдарыс кезінде нанға, күнделікті қажеттілікке ақша таба алмай отырған ауылдағы қара қазақ ол жерлерді сатып ала алмайтыны айдан анық. Демек, біздің үкімет әлгі олигархтардың байыған үстіне баюына жағдай жасап отыр деуге осы арада толық негіз бар.
Осыдан 10 жыл бұрын елімізде 35,5 миллион гектар егістік болса, қазір оның кө­­лемі 21 миллион гектарға дейін түсті. Қалған жерлерді құнарлылығы жарамайды деп пайдаланудан шығарып тастаған.
Қазір кейбір жер алпауыттарында 2-5 миллион гектарға дейін жер бар. Элеваторларды да жекешелендіріп алып, сатып жатыр. Сондықтан жерді оларға беруге болмайтынын сарапшылар айтқанымен, Мәсімов Үкіметінің өз есебі болса керек.  Біз қанша бажайлағанымызбен, өз жерімізді өзіміз игере алмайтын халге жетіппіз. Терещенко, Мадимов, Кулагин сияқты латифундисттер жерді әу баста жалға алды. Содан соң жұлма-жұлмасын шығарды. Олардан  осы күні уаланған, құнарсыз жер қалғаны, қалып жатқаны және рас. Бұндайда өкіметіміз өгей болған соң, өкпеңді қайда айтырыңды да білмейсің. Міне, енді қазақ жері кәдімгі аукционға түсіп, оны шетелдіктер сатып алып жатыр. Қаржы дағдарысынан Үкіметтің тапқан жолы осы болса керек. Қазақтың байтақ даласы болмаса, Үкімет ендіге қайтер еді?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375