Қазақстанда ҰҚТ-ға қатысқаны және оны ұйымдастырғаны үшін жаза қатаңдатылады
Астана. 24 маусым. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстанда ҰҚТ-ға қатысқаны және оны ұйымдастырғаны үшін жаза қатаңдатылады, деп мәлім етті ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.
Ол қолданыстағы заңнамаға ұйымдасқан қылмыс мәселелері бойынша түзетулер енгізу бойынша заң жобасы мемлекеттік органдарда келісіліп жатқанын жеткізді.
«Қазіргі уақытта ҰҚТ өкілдерін және ең бастысы, олардың жетекшілерін жауапқа тарту бойынша бірнеше проблема бар. Іс жүзінде тергеушілер Қылмыстық Кодекстің 235 бабын қолдануға тырысады, бірақ бап нақтыланбағандықтан, көптеген қиындықтар туындайды. Егер өзгертулер енгізетін болсақ, ұйымдасқан қылмыспен күресте алға қадам жасаймыз деп ойлаймын», - деді И. Меркель жұма күні қазіргі заманда ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелері бойынша халықаралық конференцияда.
Оның айтуынша, сондай-ақ, заң жобасына о «трансұлттық қылмыс» түсінігі енгізіледі.
«Ресейлік нұсқаны көрсеңіз, сонымен бірдей деуге болады. Ресейде «заңдағы ұры» болғаның үшін ғана жауапкершілік енгізілді, қандай да бір ҰҚТ-ға мүше болғаның үшін де жауап бересің. Бізде де бар, бірақ нақтыланбаған», - деді БП өкілі.
Ол жобаны ІІМ әзірлегенін және түзетулер күзде парламентке енгізілетінін айтты.

Сонымен қатар, И.Меркель ұйымдасқан қылмысқа тікелей қатысы бар экономика саласындағы күрделі проблемаларды атады. «Қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға байланысты мәселе көп. Екіншіден, кедендік салаға қатысты қылмыстар, өйткені кедендік баж салықтарын, тиісінше бюджетке салық төлемеуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, капиталды елден шығару, салықтан жалтару үшін оффшорларда халықаралық фирмалар құру тағы бар», - деді И. Меркель.