Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Білгенге маржан 7382 0 пікір 24 Наурыз, 2016 сағат 10:33

ЭЙФЕЛЬ МҰНАРАСЫ БЕЛЬГИЯ ТУЫНЫҢ ТҮСІНЕ БОЯЛДЫ. БӘЙТЕРЕК ШЕ?

Франциядағы әйгілі Эйфель мұнарасы Бельгия туының түсіне боялды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты. 

Бельгия туының түсі - қара, сары және қызыл. Брюссельде болған терактілерге байланысты Париждегі Эйфель мұнарасымен бірге, Берлиндегі Бранденбург қақпасы да Бельгия туының түсіндей иллюминация пайда болды. 

Дәл осы түстер БАЭ-дегі биіктігі 828 метр болатын "Бурдж-Халифа" зеңгір үйі де және Амстердамдағы корольдік сарай да боялды. Нью-Йорктегі Дүниежүзі сауда орталығы кешенінің бас ғимараты да боялады екен. Мұндай бұйрықты Нью-Йорк штатының губернаторы Эндрю Куомо берген.  

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Мексика астанасының билігі де қаладағы бірқатар ғимаратты Бельгия байрағының түсіне бояп, оған деген қолдауын білдіруді жоспарлап отыр екен.  

Бүгін Брюссельде терактілерден қаза тапқандарды үш күндік еске алу қаралы күні басталды. Германияның мемлекеттік туы көршілес Бельгияға қолдау ретінде түсіріледі, Францияда туға қара жолақтар ілінеді, Мадрид билігі де үш күндік қаралы күн жариялады.

Еске салайық, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Бельгия билігі жарылғыш заттардың бірін өлімші лаңкес іске қосқан болуы мүмкін деп есептейді. Үшінші жарылыс Мальбек метро станциясындағы вагонда болды. Салдарынан кем дегенде 34 адам қаза тапты, 200-ге жуық адам зардап шекті. Брюссельдегі терактіге Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ лаңкес ұйымы жауапкершілік алды.

Естеріңізде болса, өткен жылы аталмыш лаңкестік ұйым Парижде бірнеше терракті жасағанда әлем мемлекеттері өз қолдауларын білдіру үшін елдегі бас ғимараттарын Франция байрағының түсіне бояған еді. Ол кезде Астанадағы «Бәйтерек» те француз тусіне боялған-тын.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052