Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4612 0 пікір 18 Наурыз, 2016 сағат 12:45

ОСК-да ҚОР БОЛҒАН ҚАЗАҚ ТІЛІ

Орталық сайлау комиссиясы биылғы сайлау үшін election2016.kz сайтын ашқан. Сайт екі тілде. Бірақ, мемлекеттік тілдегі нұсқасы да орыс тілінде. Ішінара бірлі-жарым дүниелер ғана қазақ тілінде берілген. «Сайлауға екі күн қалды», «Мәслихат», «Әлеуметтік желіде бөлісу», «Үміткер партиялар» және тағы басқа бірнеше сөз мемлекеттік тілде берілгені болмаса сайттың  мемлекеттік тілдегі негізгі контенті түгелдей орыс тілінде.

Орталық сайлау комиссиясы мемлекеттік орган. ОСК туралы ережеде «Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады» делінген. Ал, Конституцияның 7 бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі», 
« Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған.

Алайда, ОСК-ның 2016 жылғы Мәжіліс және Мәслихат сайлауы үшін ашылған ресми веб-сайтында мемлекеттік тілдің ресми тілмен тең қолданылуы бұзылып тұр. Бұл азаматтардың мемлекеттік тілде ақпарат алуына кедергі екенін және қосыңыз.

ОСК аталған веб-сайттағы мемлекеттік тілдің мәселесін түсіндіреді деп үміттенеміз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527