Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4237 0 пікір 18 Наурыз, 2016 сағат 10:59

САПАРБАЕВ ӘКІМДЕРДІҢ КӨШІН БАСТАДЫ

"Саясат-Monitoring" сарапшылары ақпан айында ең белсенді болған әкімдердің рейтингін құрды. Аталмыш рейтингте Бердібек Сапарбаев көш бастады деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

Үздік үштікке Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков және Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев енді.

Бюджетті толықтыруда қосымша резерв іздеу, жер учаскелерін түгендеу және жастар бірлестігі қауымдастығын құру бойынша үздік көрсетікштерге жеткен Бердібек Сапарбаев көш басына жайғасқан.

Ал "күміс" иегері Әділбек Жақсыбеков болса, "Белсенді азамат" акциясы бойынша тұрғындардың жақсы бағасына ие болған.

Үшінші орындағы Қырымбек Көшербаев өңірдегі тұрғынүй құрылысына рекордтық сома - 22 млрд теңге бөлінудің арқасында және жаңа электростанцияның салынуына септік болғаны үшін ел ризашылығын алған.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек төртінші орынға жайғасқан. Үздік бестікті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тұйықтады.

Светлана Абрашитованың материалынан аударылды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498