Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 8685 0 пікір 17 Наурыз, 2016 сағат 15:50

ТАНЫМАЛ СӘНГЕР ӘНШІ ЕРКЕ ЕСМАХАНДЫ КИМ КАРДАШЬЯНҒА ТЕҢЕДІ

Күні кеше Астана қаласында өткен “Қазақ аруы-2016” байқауында Ерке Есмахан етегі үлпілдеген ерекше қызыл көйлек киіп жұртты таңқалдырды. Мұны көрген танымал сәнгер әншіні әйгілі Ким Кардашьянға теңеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Елімізге танымал сәнгер Найл Байкүшіковтің киімдерін Мәдина Сәдуақасова, Баян Есентаева, Айдай Исаева, Динара Сәтжан сынды танымал жұлдыздар таңдайды. Олардың арасында Ерке Есмахан да бар. “Қазақ аруы-2016” байқауына киіп шыққан қызыл көйлегі де осы сәнгерге тиесілі.


Сәнгер өзінің инстаграмдағы парақшасына Ерке Есмаханмен бірге түскен суретін салып “Менің Кимім. Мен көйлек тігіп, “Қазақ аруы-2016” байқауына асығып келген өлең осы еді” деп жазып, Ерке Есмаханның “Алло” әнін тек ақшаға орындайтынын әзілмен жеткізді.

Нің әлеуметтік желідегі жанкүйерлерінің бірі Ерке Есмахан сымбатының Ким Кардашьяндікінен әлдеқайда асып түсетінін айтса, енді бірі әншінің дене сымбатының жасанды екенін тілге тиек етті. Ал танымал сәнгердің киімін киіп, жұртты таңқалдырған Ерке Есмаханның қуанышында шек жоқ. Өз кезегінде ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірді.

 Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522