ҚАЗАҚСТАН ЛЕОНАРДО ДИ КАПРИОНЫ EXPO-2017 КӨРМЕСІНЕ ШАҚЫРУҒА НИЕТТІ
Қазақстанда актер Леонардо Ди Каприоны EXPO-2017 халықаралық көрмесіне шақыру жөніндегі келіссөздер жүргізу басталады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Жасыл экономика" үшін және G-Global-ды дамыту коалициясының" жетекшісі Салтанат Рахымбекова айтып берді.
Осыған дейін ол «Астана EXPO-2017» ҰҚ басқарушы директоры қызметін атқарған.
«Леонардо Ди Каприо ғаламшарымыздың экологиялық жағдайын жақсарту бойынша ерен еңбек етіп жатыр. Әрине, біз оларға шақырту жібереміз (БҰҰ елшілеріне — Авт.), Ди Каприоны шақырамыз, ол климат проблемалары жөніндегі елші ғой, ол біздің шараға келуге міндетті», — деген еді ол.
«Бұл қоғамдық ұйым, ол қабылдай ма, келісім бере ме — бұл бөлек мәселе. Бірақ біз бұл іспен айналысамыз, оның сондай танымал актер болғаны үшін емес, осы мәселеде кәсіби түрде айналысып жүрген елшілердің бірі әрі ол келе алады. 22 сәуірде Нью-Йоркте климат бойынша Париж тарихи келісіміне қол қою рәсімі өтеді. Мұнда климатты өзгерту бойынша жаңа міндеттемелерге қол қойылады. Шараға климаттың өзгеруіне бей-жай қарай алмайтын қоғам қайраткерлері, танымал адамдар қатысады. Содан кейін Ди Каприомен келіссөздер жүргізу басталады», — деді Рахымбекова.
Сонымен қатар, олар бизнесмен әрі Нью-Йорктің 108-ші мэрі Майкл Блумбергті де шақыруды көздеп отыр. «Біздің көрме үшін ол қажетті адам», — деді ол.
Айта кетейік, 29 ақпанда Леонардо Ди Каприо «Оскар» жүлдесін алған болатын. Сыйлықты алып тұрып сөйлеген сөзінде ол климаттың өзгеруі мәселесін айтқан еді.
Abai.kz