Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Мәйекті 19052 0 пікір 16 Наурыз, 2016 сағат 10:38

САЙЛАУДАН КЕЛЕМІЗ, ЕЛГЕ ОЙРАН САП...

Кеше:
- Уа, кімсіз?
- Ыбыраймыз.
- Жаймысыз?
- Жаймыз.
- Уа, қайдан келесіз?
- Сайлаудан келеміз.
Елге ойран сап
Ойнаудан келеміз.
Төске таққан шеніміз бар,
Патшаға жаққан ебіміз бар,
Құдайға шүкір,
Қойдан жуас,
Момақан ғана еліміз бар.
Біз бай,
Біз құдай!
Күш сынасса,
Жым болады.
Кім келеді сайма-сай!
Бүгін:
- Уа, кімсің?
- Ыбыраймын.
- Жаймысың?
- Жаймын.
- Қайдан келесің?
- Соттан келемін.
Соттан емес –ау, оттан келемін.
- Білдің бе?
- Білдім ғой.
- Қалай екен?
- Арыз берген малай екен.
- Солай ма екен?
- Солай екен!
- Не дейді?
- Ақы сұрайды.
- Қанша?
- Он мың сом.
- Он мың сом?
Нең қалады?
- Нем қалсын:
Қатын қалад,
Мен қалам.
- Шенің қайда?
- Тозған.
- Елің қайда?
- Күні озған.
- Енді не етпексің?
- Бітем!
- Бітсең, біт, мен де соныңды күтем.

 

Бейімбет Майлин

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1177
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2702
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 824
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 794