Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 6844 0 пікір 15 Наурыз, 2016 сағат 13:12

СИРИЯДАН ҚАШҚАН ПУТИННІҢ КЕЛЕСІ НЫСАНЫ КІМ?

Ресей Президенті Владимир Владимирич Путин 15 наурыздан бастап Сирия территориясындағы РФ ҚК-нің негізгі әскеріне кері қайтуға бұйрық берді. Бұл туралы ресейлік «интерфакс» агенттігі хабарлайды.

«РФ Қорғаныс министрлігіне және РФ Қарулы күштерінің алдына қойған міндеттер толығымен атқарылды. Берілген тапсырманың аяқталуына байланысты РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мырзаға 15 наурыздан бастап Сирия-Арабия республикасы жеріндегі Ресей әскерін елге қайтару жұмыстарына кірісуге бұйрық етемін»,-деді Путин РФ Қорғаныс және СІМ министрлерімен өткен кездесу барысында.

Соған қарамастан Путин Тартустағы және Хмеймимдегі әскери базалары бұрынғы режимде жұмыс істей беретіндігін мәлімдеді.

Ал біз Пост кеңестік елдер әм әлем елдері алдында «асқан бейбітсүйгіштік» үлгісін көрсеткен Путин мырзаның сөзін еш бұрмаламастан бергенді жөн көрдік.

«Мен РФ Сыртқы істер министріне мынадай тапсырма беремін. Ендігі жерде Сирия жанжалдарына қатысты РФ-ның негізгі ұстанатын позициясы – мәсенені тек бейбіт жолмен шешу. Бұл өзге де жанжалдасып жатқан елдер үшін үлгі болуы тиіс»,-дейді Ресей Президенті.

Ал Путиннің хатшысы Дмиртрий Песков Ресей Президенті мұндай мәлімдеме жасамас бұрын, Сирия Президенті Башар Асадпен ақылдасқанын айтты.

Ресей Президенті журналистермен кездескен кезінде, Сирия территориясынан Ресей әскерінің шығарылуы – елдегі жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге жол ашатынын жеткізген.

Президент Путинмен кездесуге дайындалып келген тува ұрпағы Сергей Шойгу мырза РФ Қарулы күштерінің Сириядағы әскери операцияларын қорытындылап, баяндама жасаған.

Шойгудың айтуынша, Ресей әскери операциялар жүргізе бастаған қыркүйек айынан бастап, мыңға жуық Ресей аумағынан Сирияға өтіп кеткен жиһадистердің, соның ішінде 17 командирдің көзі жойылғанын айтты. РФ Қорғаныс министрлігінің басқаруымен, Әуе әскери күштері Сирия аумағындағы мұнай өндіретін  209 нысанды және мұнай өнімдерін тасмалдаумен айналысатын 2 мыңнан астам белгіленген нысанды жойған.

Әсіресе, Шойгу мырзаның мәлімдемесінен түйгеніміз, РФ Қарулы күштері ИШИМ-нің Түркияға тасымалдап отынан мұнай өнімдерінінің жолы кесілген-мыс.

ПУТИН ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРІЛДІ

Ал Халықаралық журналист Константин Эггерт «Путин тығырыққа тірелген соң  Сирия жерінен әскерін алып қашып барады», деп топшылайды. Ресейлік «Открытая Россия» басылымына сұхбат берген халықаралық журналист Константин Эггерт Ресейдің қазіргі экономикалық және геосаяси жағдайы қандай да бір әскери операцияларға қатысуға мүмкіндік бермей отыр дейді.

«Путин мырзаның Сирия жерінен өз әскерін алып кетуі әуелі Ресейдің қазіргі жағдайынан сипат береді. Ресей экономикалық қымысның астанды қалғандықтан, екі бірдей жанжалға бірден араласа алмайды. Не Украинамен арадағы мәселені реттеу керек, немесе Сирияда қалу керек еді.  Екіншіден, бұл демонстарция. Ашық айтылмағанымен, Ресейге Еуроодақ пен АҚШ қысымы әсер етіп жатқанының көрінісі. Біз жеңілдік. Соны мойындауымыз керек»,-дейді ресейлік журналист.

ПУТИННІҢ КЕЛЕСІ НЫСАНАСЫ КІМ?

Сондай-ақ, ресейлік тағы бір журналист, саясатанушы Александр сотник «Newsader» басылымына берген сұхбатында, «Путин бір мемлекеттен әскерін алып шықса, екіншісіне кіргізеді деген сөз» - дейді.

«Шойгу Кремль қожайынымен кездескенде «берілген тапсырма тиянақты түрде орындалды деді». Демек бұл жаттығу болған. Жаттығулар қорытындысына  «Бапкер» дән риза. Рас, Путин Асадқа көмектескен жоқ. Алайда «диктатор» қоршауда қалуы мүмкін немесе әлдеқашан Мәскеу маңынан сатып алып қойған сарайында жатуы да ғажап емес. Асад Путиннің жақсы досы. Ол ешқашан досын Каддафи мен Хусейн секілді жау қолына тастап кетпес еді. Демек, біз білмейтін дүниелер аз емес. Оның үстіне Кремль қос бірдей жанжалға араласуға ешқандай мүмкіндігі жоқ болып отыр. Сирия алыста және менталитеті бізге жат. Ал Украина жанжалы әлі күнге өз актуалдылығын жоғалтқан емес. Демек Путиннің ендігі нысаны қайтадан Украина болуы мүмкін»,-дейді ресейлік журналист.

ПУТИННІҢ САЯСИ БЕДЕЛІ ТҮСТІ

Ресейлік саясаткер Пионтковский Путиннің  мәлімдемесінен кейін оның әлемдік саясаттағы беделі түскенін айтты.

Әзірбайжандық «minval.az» сайтының хабарлауынша, ресейлік саясаткер Пионтковский Ресей Президентінің БАТЫС қысымына шыдас бермегенін  жеткізген.

«Жақсы, Шойгудың баяндамасында нақты деректер айтылды. Бұл формалды баяндама. Бірақ, біз Путин әскерінің не мақсатпен Ситрияға кіргізілгенін жақсы білеміз ғой. Асадқа көмектесу үшін, оппазицияны тықсырту үшін кіргізілді. Әсіресе Ресей Қарулы күштерінің 90 пайыз шабуылы ИШИМ нысандарына емес, елдегі оппазициялық күштердің қақ төбесіне түсіп жатты.

Оған қоса, мәлімдеме жасаған үшеу (Путин, Шойгу және Лавров) өте қатты стрессті жағдайда болғандары көрініп тұр. Демек, Путиннің қауқары Батыс пен АҚШ-қа жетпейтінінің дәлелі бұл»,-дейді саясаткер.

Нұргелді Әдіғаниұлы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543