ТҮСІПБАЕВА: МЕН – ТҰЛҒАМЫН! СІЗДЕРГЕ ҰНАЙМЫН БА, ЖОҚ ПА, ТҮКІРГЕНІМ БАР!
Жақында қазақстандық әнші әм әртіс Меруерт ханым Түсіпбаев телеарналардың біріне ерекше сұхбат берді. Турасын айтып туғанына жақпай қалған Түсіпбаеваныосы сұхбатынан кейін әлеуметтік желі қолданушылары ашық сынап, ағаш атқа теріс мінгізіп жіберген-тін,-деп жазады «Stan.kz» сайты.
Әнші онда желіде өзін балағаттаған қыздың аяғына жығылып, кешірім сұрағаны жайлы айтқан болатын. Одан қалса көңіл-күйі болмаған кезде, тіпті жұртпен амандаспайтын мінезі барын жеткізген еді. Осыдан кейін халық әншіні бірден сынап, қылығына қарап оны сыйлаудан қалғандары жайлы жарыса жазған болатын.
Түсіпбаева ханым әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығына жауап беріпті.
«Әртістерді сынап-мінейтін еркектерге айтарым шалбарын шешіп, көйлек кисін. Болмаса далаға шығып ағаш отырғызып, үй салсын… Ал тілін сүреңдетіп, қолынан еркектер сияқты іс келмейтін нәзік жандылар да бар. Тек қана төсенішке айналғандар ғана компьютердің алдына отырып алып, өсек айтады. Әйелдерге айтарым құр жатпай,тым құрыса спортпен айналысыңыз! Мен-жеке тұлғамын! Сіздерге ұнаймын ба, жоқ па, түкіргенім бар. Бастысы отбасым мен өзімді осы мамандығымның арқасында асырап отырмын. Мен өз талантымды мақтан тұтамын. Осының арқасында ақша тауып, рахаттанып өмір сүрудемін! Әрине сіздердің араңыздағы кейбіреулерге қарағанда. Ішіңіз тарылмасын,сынамаңыз! Оданда айнаға қарап өзіңіздің кім екеніңізді көріңіз, айна сізді алдамайды!»,-деп жазыпты Меруерт ханым Түсіпбаева.
Дәлірек айтқанда әнші өз ойын төмендегідей орысша жеткізген еді.
Abai.kz