Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 8881 0 пікір 14 Наурыз, 2016 сағат 09:29

ЖЕЗӨКШЕНІ ЖАЗАЛАЙТЫН ЗАҢ ҚАЖЕТ

Иә, жазбаса болмайтын, ең қиын, ең ауыр, жүрек сыздатарлық, жүрек айнытарлық, бұл тақырыпты, жазбасыма болмады...

Мұхтар Әуезов: «ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегенде, нені айтқысы келгенін, бәріміздің ішіміз сезетін сияқты...

Бесік - қазақ үшін аса қасиетті, ұрпақ тәрбиелейтін орын...

Кез келген ұлттың ұйытқысы - әйелдер, басқаша айтқанда, ұрғашылар.

Анасын, қызын, қарындасын, әпкесін сыйламайтын ұлт - азған ұлт. Әкесін, баласын, анасын, ағасын, бауырын, інісін сыйламайтын ұрғашыларды - адам қатарынан сызып тастаған жөн.

Қазақ Елінің Тәуелсіздігімен бірге біздің өмірімізге сұғанақтықпен енген жезөкшелік кәсіп, бүгінде жаңбырдан кейінгі көктей қаулап келеді.

Қазақстандағы барлық қалаларда, Астанада, Алматыда, барлық қонақүйлер, сауналар, моншалар, жеке пәтерлер жалдап немесе ресторан, вокзал, түнемеліктің барлығында жезөкшелікпен айналысатын қазақ жезөкшелерінен аяқ алып жүре алмайсыз.

Ең сұмдығы, қызының немен айналысатының сол үйдің үлкендерінің көбі немесе оның туыстары, көршілері, құда-жекжаттары сезсе де, білсе де, білмейтін қалып танытулары - нағыз арсыздық дер едім.

Әйелі, ұрғашысы азған ұлттың - өзі де азады, өзі де құриды, жоқ болады.

Азғындық жолға түскен ұрғашыларды қатаң жазалайтын мемлекеттік заң жоқ. Ана біздің тексіздерге, сол керек сияқты.

Міне, көгілдір көктем келе жатыр...

Біздің ұлттан шыққан арсыз ұрғашылар, бұл мерзімде асқан белсенділік танытып, өзін ғана емес, айналасында бойжетіп келе жатқан қыздарымызды да тура жолдан тайдыруға ерекше күш салатын көрінеді. Абайсызда немесе білместікпен, болмаса әдейі пәктігінен айрылған қыздың болашағы ауыр болады. Осыны қатаң есте ұстаған жөн сияқты.

Ең алдымен, біз осыдан сақ болайық!..

Осы саланың кәсіби мамандарымен ақылдасқанымда жезөкшелік дегеннің не екеніне көз жеткізгендей болдым:

Бүгінгі таңдағы: ардан, ұяттан, ұлттық намыстан жұрдай қазақ жезөкшелері – мынадай  екі түрге бөлінеді екен:

Біріншісі, аса бай, еріккеннің ермегі, аса білімді, бірақ, ұяттан, ардан, ұлттық намыстан, тілден, діннен жұрдай, бір кезде көп оқыса да, бүгінде түк те оқымайтын, көрмейтін, естімейтін жезөкшелер...

Ал, олардың екіншісі, түк те оқымайтын, көрмейтін, естімейтін, ардан, ұяттан, ұлттық намыстан жұрдай, ұятсыз жезөкшелер...

Бұл екі түрлі жезөкшелер де, бұл арам әрекеттерін ешқан да қоймайтын, байға шықпайтын, бала таппайтын, бір еркекті қанағат тұтпайтын, қоғамдық қызмет, ауыр, жеңіл жұмыс істемейтін, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін, саналары тек ақшамен уланған, әке-шешеден, ағайын-туғаннан, руластарынан ұялып, қысылмайтын, еркектің жасына, ұлтына, дініне қарамайтын, арсыздар екен. Бұла ұрғашылардың көбі қытайдың, орыстың, негрдің, кәрістің, т.б. келімсектердің ермегі болғандарына көп болыпты.

Сұмдық қой!

Не істеу керек?

Бұл, арсыз ұрғашылардан қалай қоғамды тазартуға болады?

Сұрақ көп, бірақ, жауап жоқ!..

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529