Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3560 0 пікір 10 Наурыз, 2016 сағат 15:46

САЙЛАУДАН ШЫҒЫП ҚАЛҒАН ҮМІТКЕРЛЕР НАЗАРБАЕВҚА ШАҒЫМДАНУДА

Бүгін Астанада қалалық мәслихат депутаттығына үміткер қатарынан шығып қалған төрт адам президент Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады

Олар қалалық округтік комиссияның өздерін үміткер ретінде таныған тіркеудің күшін жойған әрекетін заңсыз деп тануды сұрайды.

Баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар ел президентінен «Орталық сайлау комиссиясының әрекетсіздігіне» баға беруді және «Сайлау туралы» заңға өзгеріс енгізуді сұрады.

Өзін өзі ұсынған үміткерлер — Аида Жексенова, Фатима Жандосова, Дәулет Құдайбергенов және Алмат Салғариннің бәрінен де салық декларациясы бойынша немесе зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты қағаздардан сәйкессіздіктер табылған. Бұрынғы үміткерлер сайлаудан шығып қалғандарын өздерінің белсенділіктерімен байланыстырады.

Мұның алдында Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясында жергілікті журналистерге қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлерді шығарып тастағандарының себебін түсіндірді. ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев шығып қалған үміткерлердің біліктілігіне күмән келтірді. Оның пікірінше, «өзінің қаржы мәселесін дұрыстап шеше алмаған адам мемлекеттік қаржы ағымына қатысты дұрыс шешім қабылдай алуы екіталай».

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475