Сенбі, 23 Қараша 2024
Ғибырат 11086 0 пікір 4 Наурыз, 2016 сағат 23:42

ҰЛЫ ӘЗ АНАЛАР – ОЛАР КІМДЕР ЕДІ?

Хауа Ана – бүкіл адамзат қауымының Ұлы Анасы.

Шәмбүл Ана – Нұқ пай ғамбардың адал жары. Дүй сүнбұл, Сейсүнбұл, Сәрсүм бұл, Бейсүмбұл, Жұмаз, Шәм бүл, Жексүнбұлдардың Анасы. Жалғыз қызына Анасы Шәмбүлдің атын берген.

Алдай Ана – Кер Сақ Аб «Сансыз Бабаның» Анасы.

Әмина Ана – Ар Сақ Аб «Мұңсыз Бабаның» Анасы.

Мат Опа Ана – Ұлы Алаш Қаһанның Анасы.

Ұлсай Емер «Пір Әз Сақ» Аба – Ұлы Алаш Қаһанның жары, Қазақ Қаһан мен Созақ Қаһанның, Құзын Сауғаның Анасы.

Бекіранас Ана – Ұлы Қазақ Қаһанның екінші жары, Халұқ Сақ Абтың Анасы.

Қал Нешім Қаһарлы Әз Мама «Най» Ана – Керейдің Ұлы Аналарының бірі. Бұл Ұлы Ананы – өз дәуірінде Аналардың киелі: «Ақ төсті кимешек, Ноқ талы Бәтуа басы!» деп атапты.

Әз Мүсия Ана, Әз Кебеже Ана, Әз Келүн (Ду Ана) Ана – Қыпшақ Бабаның осы үш әйелі 92 ұл туған. Олардан 92 Ордалы Ел тараған. Екі Ордасынан қалғаны ғана Қазақ халқының құрамына кіреді.

Әз Сүйкім Ай Ана – Қоңыр Ата (Сүмбіле) Әулиенің жары.

Үр Тұрмақ Әулие Ана.

Әз Бибі Шүкір Үзданай Нә зила Ана – Қара Бура Әу лиенің Анасы. Қоңыраттың қы зы.

Айша Бибі Айкер Үлім әулие, 341 қағанат Ел қарап тұрған Тұран Елінің Ұлы патшасы Сары Оғлан Қарахан ның қызы.

Әз Құрныз Айхон (Олеун Сұйнық) – Шыңғысханның Ана сы, Қоңырат Елінде Бал қарайдан тарайтын Белшерек Қағанатында «Далашы» (Сұлтан) атағы бар дәулетті Құндас Бақтулидің қызы.

Әз Жезбике Шілтай Ана әулие – Көктіңұлының Анасы. «Қос Түйін» әулиенің бірі.

Әз Сұлпанаш Ана әулие – Көнтөстіктің (Көтеншінің) Анасы. Жолы үлкен бәйбіше. «Қос Түйін» әулиенің бірі.

Үрғанай Ана (Домалақ Ана) әулие – Шағатай Ханның же тінші Кеңесші уәзірі – Биі болған Оңтықай «Дала шы ның» (Сұлтан) қызы. Байтүбек (Бәйдібек) Қорашаұлы Үйсін «Бектің» адал жары. (Халқы мызда алғашқы «Бек» деген шен-атақ алған азамат).

Әлиасқардың түсініктеме-баяны:

Бірде Ордасында Тектілер мен «Үлкен Себет» құрып от ырған Берке Науан Хан Тәу екел Алты Алаш, Алты Арысты дүниеге алып келген «Мамалы Әз Аналардың» атын атауға дәті бармайды. Осыны сезген халық өзара сыбырласып, гуілдей бастағанда, Мәу ран Ақыра Малдас Би орнынан тұрып, қамшысын қолына алып, «Дауылпаз – даң ғы раны» бір соғып, жамағатты, ханды өзіне қаратып:

Келсең, кел ей!

Сақ Абадан Хал Нешім

қаһарлы Әз Мама Най!

Анам жолы, Елім Керей,

Жолымды бер-ей!

Ашамайлы арнасы,

Алаш киелі Көл-ей! – деп, бір тоқтап:

 

Уа, Жамағат Қазақтан!

Бата тілесең Әруақтан,

Жебе тілеме садақтан!

Мен сөйлейін, сөйлейін!

Кәде сұрасаң қонақтар!

Ұлсай Емер «Пір Әз Сақ»

Абадан

Қазақ, Созақты тербеткен!

«Қос Емер» Қазығұрт

 ғұмыр бас

Киелі «Бозым» бұлақтан!

Алтай, Марал, Мамалы

Арғұнда туған Әлімсақтан!

Хал Нешім қаһарлы

Мамасы

Керейді туған Қосақтан!

Мүсия, Кебеже, Келүнім

Тоқсан екі ұл туған

Қыпшақтан!

Дәнекер Ана Уақтан!

Өлун Сұйнықты ұмытпа

Шыңғысхандай ұл тапқан!

Шілтай Жезбике Әз Ана

90 Баулы Қоңыраттан!

Құмалақ Ана Найманнан,

Домалақ Ана Дулаттан!

Ай, Берке Науан ұғып ал!

Он жеті «бұрым»

бар Зайсандық,

Он жеті қызды еске алсаң,

«Жарғыңа» жалау тон

жапқан!

Қыр көрсетіп сөйлеме!

Екі дүниеде жол таппас,

«Керқыздыны» жылатқан!

Қорқыттай өткен Бабамыз,

«Қыздың наласы уыз!» – деп,

Алтын аяқтан жалатқан!

Ашамайлы Керейде

Айыр қалпақ Айдаһар,

Қытайдың мойнына құн іліп

«Керқыздыны» сұратқан!

Арнасын жиып көл етіп,

Төбеге жиып Ел етіп,

Қолына Туын ұстатқан!

Сұқтанба Жамағат,

кім дерсің?

Өткендерге тоқтасам,

Қаһарына мінгенде,

Алатаудан мұз қашқан!

Қаратаудан шөл қашқан!

Қарсы алдынан жау қашқан!

«Төрт Құбыласына»

жол ашқан!

Маңдайынан нұр шашқан!

«Қосақта» туған Бабамыз

Кіндігінде қылышқа

жармасқан!

Хал нешім қаһарлы

Мама «Най»

Анасы «Орғұлас» Кереймін!

«Қарағым» – десе,

қақ тұрған,

Перзенті үшін от басқан,

Басқанда, басқан ізі қалған!

«Асыл Керей» – дегенде,

Анадан Текті Ұл қалған!

Тектіден киелі Ту қалған!

Өткенде көшкен

«Ғұмыр Әз»

Бізде өтерміз жамағат!

Уәл Жаһанда кім қалған?! – деп, Ұлы Би тоқтағанда, өзі ай та алмай ішінен буынып отыр ған Берке Науан Хан Тәу екел орнынан тұрып: «Тәуба, Тәуба, Би! Табалама! Тарат, тарат Таһуа! Таһуа! Тәкаппарлығым емес! Тауып айттың, тау басынан шайқадың! Таңдайы құды ғым! Тіфа, тіфа!» – депті.

«Мамалы» деген сөз – киелі Аналардың пірі деген ұғым. «Хал Нешім қаһарлы Әз Мамалы» осы киелі Анамыздың Әруағынан қорыққан Ата-Бабаларымыз тіл салтына айналдырып: «Әрдайым есте жүр сін!» деген ниетпен: «Халің қа лай? Хал нешік?» – деп, өсиет айтуды насият етіпті. Сондық тан да Бабаларымыз «Мама» сөзін қолданбай, «Ана», «Апа» деп айтуды салтқа айнал дырған.

«Қаһарлы Әз Мама Най» сөзін таратсақ: «Хал Нешім Мама» Анамыз ат үстінде жаудан қашып келе жатқанда, тол ғақ қысады. Ал жау болса ізінен қалмайды. Болмағасын бір жер ге келгенде атынан түсіп, босанып, кіндігін қылышымен кеседі. Осы уақытта жау да же теді. Еліне дейін әлі бір көшім қашықтық қалыпты. «Өзім өл сем де, ұлымды өлтірмеймін!» – деп, баласын қоржынға шырылдатып сала салып, атына атыла мініп, қамшыны аттың сауырына басып, басып жібе ріп, жауға қарсы шауып:

– Келсең, кел-ей! Атам Керей! – деп, ұрандап екі етегі жалбырап, екі тобығынан қаны сорғалап, қылышын қолына алып, жауға қарсы шауып келе жатқан қаһарлы Ананы көрген жаулар таң қалып:

– Уыз қарғысқа ұшырадық! О, Әз Мама «Най!» Тоқта! Тоқ та! – деп, аттарынан қарғып тү сіп, жер бауырлап жата қалып, еңіреп кешірім сұрайды.

«Най» деп ежелгі Сақтар заманында Бабаларымыз «Ор ғұлас» жолбарыстың аналығын айтыпты. Бұл жолбарыстың «Найы» дүниеге ұрпақ әке лер де ол жерден тіршілік иелері безіп кетеді екен. Себебі бұл аналық қиналған кезде көрген жандықтарды шайнап жоқ қы лып жіберген. Бір өзі қалғанда ғана жерді қауып, тасты шайнап барып босанған.

Осы уақиғадан кейін «Қо сақ» деген киелі сөз пайда болады. Мағынасы: «Қантөгісте шаранасын қосағына алып жауға шапқан Қаһарлы Ана!» де ген ұғым екен. Осы уақи ғадан кейін жауласуға келген Кер Сақ Абтың бір ұрпағынан тараған «Таңғұр» тайпасы ба ла-шағасына дейін бірі де қалмай, келген індеттен қыры лып кетеді.

Хал Нешім Маманың атына Қаһарлы «Най» деген киелі ат қосылады.

«Мамалы» деп, 100-ден асқан өзі білімді, бірнеше келіні бар данышпан Ананы атайды.

«Қыз мамалы» деп – 100-ден асып, өмір бақи тумаған ананы айтады.

«Мама» сөзі – Әлімсақтан пайда болған ұғым. «Мама ағаш» деп – бір ғасырдан ар тық тұрған жеміс талды айтқан. «Мама бие» деп – 11-12 рет құлындаған жануарды айтады. Ал «Мамалы Найыз Әже» деп – бір ғасырдан артық өмір сүр ген киелі Әз Аналарымызды айтқан.

«Керқыздыны» дегені – Қытайлар шапқан Зайсан елі нен аман қалған 17 қыз Керейлерден пана тауып, бойжет кесін, сол елдің жігіттеріне тұр мысқа шығады. Кейін Наймандар: «Ағайындарымыздың қыз дарын «қалыңсыз» алдыңдар!» – деп, екі арадағы туындаған дау-жанжалдардан кейін олардан тараған ұрпақтарды бөліп шығарып «Кер-қызды» Елі пайда болады. Бұлар қазіргі қырғыздардың ата-бабалары.

Ілесбек БАЙЖАНОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Шымкент шаһары

 Аналарымыз бен қыз-келіншектер мерекесі құтты болсын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401