ЕУРОПА ПУТИНГЕ СИРИЯҒА ҚАТЫСТЫ ҰСТАНЫМЫН ТҮСІНДІРМЕК
Бүгін Сириядағы атысты тоқтатуға қатысты халықаралық телефон конференциясы өтпек.
Оған Ұлыбритания, Франция, Германия және Ресейдің басшылары қатысады деп күтілуде. Британ премьер-министрі Дэвид Кэмеронның баспасөз хатшысы бұл конференция еуропалық жетекшілердің ортақ көзқарастарын білдіруге мүмкіндік береді деп санайды.
Кэмеронның өкілдері Ұлыбритания, Франция және Германия Ресей президенті Владимир Путинге Сириядағы атыстың тоқтауы ең алдымен Сириядағы шынайы саяси өзгерістерге жол ашылуы үшін қажеттігін түсіндіруге тырысады деп санайды.
Өткен аптада күшіне енген бітімгерлік 5 жыл бұрын басталып, 270 мың адамның өмірін қиған Сириядағы азамат соғысындағы ең алғашқы үлкен үзіліс.
Ресей қолдайтын Сирия президенті Башар Асадтың жақтастары мен оппозиция күштері арасындағы бітімгерліктің "Ислам мемлекеті" секілді террорлық топтарға еш қатысы жоқ.
Абай-ақпарат