Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4267 0 пікір 26 Ақпан, 2016 сағат 08:56

НЕМЦОВТЫҢ АТЫ КӨШЕГЕ НЕМЕСЕ СКВЕРГЕ БЕРІЛУІ МҮМКІН

Вильнюс қалалық кеңесі (сейм) ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың есімін көше немесе скверге беру туралы шешім қабылдады

Қалалық кеңес қабылдаған қарарда демократиялық Ресей үшін күрескен адамның атымен Литва астанасындағы көше немесе скверді атау Вильнюс қалалық басшылығының «еркін, ашық және демократиялық әлем жағында» екенін көрсететіні туралы жарияланған.

Немцовтың есімін тарихта қалдыру туралы Киев пен Варшава басшылығы да ойлап отыр.

Ал, Мәскеу билігі Кремльге жақын жердегі Үлкен Москворецк көпіріндегі Борис Немцов қаза тапқан жерде ескерткіш орнату туралы оппозиция ұсынысын қабылдамады. Ол жердегі халық орнатқан естелік тақтаны қалалық қызмет жұмысшылары үнемі алып тастайды, ал полиция оны қорғайтын белсенділерді тұтқындайды. Биылдың өзінде осындай төрт оқиға болды. 12- ақпанда «Ұлт-азаттық қозғалысының» өкілдері Нижний Новгородтағы Борису Немцов мемориалын талқандады.

Борис Немцов 2015 жылы 28 ақпанда өлтірілді. Саясаткердің өлімінің біржылдығына орай оппозиция Мәскеу мен Ресейдің өзге қалаларында еске алу шарасын өткізуді жоспарлауда.

Мәскеу билігі мен оппозиция өкілдері 27 ақпанға белгіленген Борис Немцовты еске алу шеруінің қалай өтетінін талқылады.

Өңірлік қауіпсіздік және жемқорлыққа қарсы астаналық департаменттің басшысы Алексей Майоров "Интерфаксқа" шеруді өткізудің тәртібі толық анықталғанын хабарлады.

Оның айтуынша, 27 ақпандағы шерудің Страстный бульварынан Сретенск бульварына дейін, әрі қарай Сахаров даңғылына дейін жүріп өтетіні туралы белгіленген.

Ресейдегі ЕО өкілдігінің басшысы Вигаудас Ушацкас және Еуроодаққа мүше 28 елдің елшілері Борис Немцовтың өлімінің біржылдығына орай, ол қаза болған жерге гүл шоқтарын қояды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321