Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 7580 0 пікір 18 Шілде, 2016 сағат 09:57

ОБАЛАРҒА ОБАЛ-АҚ! ОЛАРҒА «БОМБА» ТҮСІП ЖАТҚАН СИЯҚТЫ

Шілікті жазығы – Сақ патшаларының қорғандарымен әйгілі өңір. Ірілі-ұсақты қорғандар саны мұнда өте көп. Табиғаты көркем, малға жайлы, жан-жағы Маңырақ, Тарбағатай, Сауыр  тауларымен қоршалған аймақ.

Тарбағатай  тауының баурайындағы Шілікті жазығындағы «Бәйгетөбе» деп аталатын үлкен  қорған обадан  үшінші «Алтын адам » табылған. Бұл жәдігердің  Қазақ тарихына қосар үлесі айтып жеткізгісіз. Ұзын саны  4303 дана киімге  тағатын алтын жапсырма  әшекейлер де осы «Бәйгетөбе» қорғанынан  шықты.

«Бәйгетөбеден » табылған алтындар өте жоғары  сыныпты алтындар: 940-970. Шілікті даласының  шығысындағы «Шағанобадан» алтын қорытқан пеш, ұстахананың орны табылды.

Осы арада нақты айтпағымыз: 10 жылдан бері зерттеуде жатқан Сақ патшасының мүрдесі Алматыдағы Ғылым академиясынан табылған жері – Шіліктіге қайта жерленді. Ғалымдардың бұндай ұйғарымға келуіне көне қорым маңындығы жұрттың «қарғысқа ұшырадық» деген сөзі себеп болған көрінеді.  Шілікті халқы неге «қарғысқа ұшырадық» деді? Себебі: археологтар аларын алып, қорғандарды шашып тастап жүре беретін болды. Археологтардың бұл ісі қалпты әдетке айналғалы  қашан?!

Жуырда осы өңірге жол түсіп барып қайттым. Тасбастау ауылы, Шілікті, Жалши  ауылдарының маңайында биік-биік жоталарды көзге ілмеу мүмкін емес. Алдымен көзге ілінетіні – обалар.

Шіліктіде аспан асты музейін салу туралы алғаш сөз еткен сол кездегі еліміздің мәдениет министрі болған  Мұхтар Құл-Мұхаммед еді. Қасиетті жерге табаны тиген бір жиында мәдениет министрі алдағы уақытта бұл жерге қаражат бөлініп, үлкен кесене салынатынын, Шіліктінің туризм орталығына айналатынын айтқан. Министрдің мағыналы сөзі жергілікті тұрғындардың да ойындағысын дөп басып, үміт отын жаққандай болды. Бірақ содан бері  көп жыл өтсе де, айтылған сөзден ешқандай нәтиже жоқ.  Тұрғындар бұны әлі күнге дейін айтады.

1914 жылдан басталған Черниковтың, Төлеубаевтың қазған обалары түгелі дерлік жабылмай жатыр. Егер аспан асты музейін жасай алмаса, қазған обаларды «шашып» тастап кетпей, қайта топырағын жинастырып, үйіп кету керек қой? Археологтардың айтуы бойынша, обалардың бетін жабу жұмысымен басқа мекеме «айналысады» екен. Бірақ ол қандай «мекеме»?  Керек жарағын қазып, барлығын алып алғаннан кейін «тайып» тұратын археологтардың бұл қылығын қалай түсінуге болады?  Қай обаға барсаң да орыны «бомбы» түскендей болып үңірейіп жатыр. Обаларға обал-ақ...

Мейіржан Темірбеков

Шығыс Қазақстан облысы

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527