Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4458 0 пікір 7 Шілде, 2016 сағат 15:21

БАУЫРЖАН БАЙБЕК: АЛМАТЫ «СМАРТ» ҚАЛАҒА АЙНАЛАТЫН БОЛАДЫ

Бүгін Алматы қаласында «Алматы  - өмір сүру мен бизнес үшін қолайлы қала» атты V Инновациялық форумы өтті.

Инновациялық форум аясында адам капиталын дамыту, оның ішінде тұрғындардың өмірін инвестициялау және қалалық көлік жүйесін дамыту, көлік тасымалдарын ақпараттандыру мен технологияландыру, қала сәулетін дамыту және қаладағы экожүйені дамыту мәселелері талқыланды.

ҚР Инновациялық технологиялар паркімен Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп өткізген форумға Қазақстан, Ресей, Израиль, Оңтүстік Корея, АҚШ, Мексика, Италия, Германия секілді елдерден 20-дан астам танымал Халықаралық сарапшылар, бизнес-қауімдастық өкілдері, футурологтар келіп қатысты.

Форум барысында қала әкімі Бауыржан Қадырғалиұлы Байбек мырза еліміздегі ең ірі мегаполистің қазіргі тынысымен таныстыра келіп, алға қойған мақсаттар туралы баяндап берді.

Бауыржан Қадырғалиұлы Алматы қаласына әкім болып тағайындалған күннен бастап, қаланың инфрақұрылымын түбегейлі өзгертуді қолға алғанын айтып келеді. Осы мақсатта қаладағы көлік қатынас жолдарына қоғамдық өліктерге арналған арнайы жолақшалалар сызылып, «Оңай» төлем карталары қолданысқа енгізілді.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласы әкімі:

-Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» бғдарламасының 63-қадамына сәйкес қаламыздың инваестициялық тыныс-тірлішігін арттыру мақсатында бүгінгі шараның маңызы ерекше болып отыр. Сенсеңіз, әр 10 алматылықтың 6-сы ірілі-ұсақты компанияларда жұмыс жасайды. Біздің қаламыз дүниежүзі бойынша инвестициялық әлеуеті жоғары 600 қаланың қатарына кіреді. Қазіргі таңда ресми санақ бойынша қала тұрғынының саны 1,7 миллионнан асты. Өзге аймақтардан келген мигранттарды қоса есептегенде қалада 3 миллионға жуық адам бар. Алматылықтардың саны өткен жылдармен салыстырғанда 20 пайызға өсіп отыр. Бұл үлкен капитал. Алматы – өмір сүру және бизнеспен айналысу үшін ең тиімді қала. Сондықтан да еліміздегі инвесторлардың 84 пайызы Алматыда тұрады.  Сондай-ақ, қалалық бюджеттің 75 пайызы қала құрамына жаңа қосылған аудандардың үлесіне тиіп отыр. Мысалы, Алматының Медеу ауданының ғана жылдық бюджеті еліміздегі 14 аймақтың ортақ бюджетін шығарады. Бұл үлкен көрсеткіш деп ойлаймын. Енді болашақта біздің мақсатымыз Алматы қаласын «Смарт» (Smart) қалаға айналдыру.  Осы ретте біз қаладағы қоғамдық көліктерге ақпараттандырылған «Оңай» төлем жүйесін енгіздік. Алғашында жұрт дұрыс қабылдамағанымен, қазір толық айналымға еніп үлгерді.

Бауыржан Байбек мырзаның алқа-қотан алдында жасаған баяндамасында инвестиция мен инновацияны қажет ететін негізгі нысандар ретінде – ауруханалар, мектептер мен әлеуметтік нысандарды атап өтті. Былтырғы жылғы есеп беру жиынында Бауыржан Қадырғалиұлы әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, тұрғындармен тікелей байланыс орнатылғанын айтқан еді. «Қоғаммен, халықпен интерактивті байланыстың да маңызы ерекше. Мысалы, біз «Инстаграмм» желісінде парақша ашып, тұрғындармен тікелей байланыс орнаттық. Соның нәтижесінде 85 пайыз мәселелер шеліліп жатыр. Сондықтан біз әлеуметтік желілерді де ебін тауып пайдалана білуіміз керек»,-дейді қала басшысы.

V Инновациялық форум барысында айтылған тағы бір мәселе - қаланың экологиялық мәселесі.  Бауыржан Байбектің айтуынша қалада қазірдің өзінде 700 мыңнан астам көлік тіркелген. Олардың 200 мыңы қала маңынан және өзге аймақтардан келіп-кететін көліктер. «Бұлар қала экологиясын айтарлықтай ластап жатыр. Сондықтан біз қала тұрғындарын қоғамдық көлікпен жүріге, велосипед немесе экологиялық таза көлік түрлеріне ауысуды ұсындық. Тіпті қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақшалар да жасадық. Алдағы уақытта ақылы автотұрақтардың санын 300-ден асыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 2000-ға жуық велосипед және 2800 велотұрақ орнатылады»,-дейді Б.Байбек.

Ерболат Досаев, «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің басқарма төрағасы:

-Біз бүгінде айтып жүрген жаңа типті қала деген не? Бұл жаңа стратегиялық даму принціптерімен жұмыс жүргізетін қала. Қазақстан үшін қазір екі үлкен мегаполис керек. Оның біріншісі Астана болса, екіншісі міндетті түрде – Алматы болуы керек. Алматыда әкім мырза айтпақшы 3 миллионнан астам адам бар. Бұл нағыз нарық көзі. Алматыда бизнеспен айналысу үшін ең қолайлы орта табылады. Бі бүгінде з Мемлекеттік жобалар негізінде Алматы қаласын жаһандық бизнес орталығына айналдыру үшін барымызды салуымыз керек. Ол үшін бізде бәрі бар. Курорттық орталықтар, Шымбұлақ, Медеу, сауда нысандары т.б. Ең бастысы адам капиталы бар. Мен өзім осы қалада өсіп, ер жеттім. Өз қаламның көркейуі үшін мен өз үлесімді қосуым парыз. Әрбір алматылық солай жасауы керек деп ойлаймын.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434