Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4053 0 пікір 4 Шілде, 2016 сағат 12:26

ЖЕР КОМИССИЯСЫ: "ӨЗ АЗАМАТТАРЫМЫЗҒА ЖЕР ЖАЛҒА БЕРІЛЕДІ"

Жер реформасы жөнiндегi комиссияның бес отырысының қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар әзiрлендi. Оның бiрi — бiр қолға жалға берiлетiн жердiң шегiн бекiту. Бұл мәселелер Қызылорда облысында өткен комиссияның көшпелi отырысында талқыланды. 

«Келесi мәселе — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi беруде олардың шектi мөлшерiн белгiлеу. Қолданыстағы заң нормаларымен қазақстандықтарға жалға берiлетiн ауыл шаруашылығы жерлерiнiң жоғары мөлшерi белгiленбеген. Бұл жағдайлар бiр қолға жердiң iрi көлемде шоғырлануына әкеп соқтырып отыр», — дедi отырыста Жер реформасы жөнiндегi штабтың жетекшісі, вице-министр Ерлан Нысанбаев.

Сондықтан бiр қолға жалға берiлетiн жер көлемiнiң шегiн бекiту ұсынылып отыр.

«Жалпы республика және әрбiр облыстың аудандары бойынша қазақстандықтарға жалға берiлетiн учаскелердiң жоғарғы шек мөлшерiн белгiлеу ұсынылады. Оны белгiлеу үшiн бiрыңғай әдiстеме әзiрлеу қажет. Бұл әдiстемеде аймақтардың жергiлiктi жағдайлары мен ерекшелiктерiн ескеретiн және ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлерi бойынша бiрқатар көрсеткiштер қамтылуы тиiс», — дедi Е.Нысанбаев.

Айта кетейiк, өткен сенбі күні Жер реформасы жөнiндегi комиссияның Қызылорда облысында көшпелi отырысы өтті. Бұған дейiн Астанада үш, Ақмола мен Алматы облыстарында екi отырысы өткен едi.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371