МЕН ҚАЛАЙ "СӘЛӘФИ" БОЛА ЖАЗДАДЫМ?
Осыдан 10 шақты жыл бұрын. Алламды танып, намаздың не екенін біле бастаған кезім. Бірінші намаз оқыған кезде түк те білмеймін, менің алғашқы жұма намазым еді. Жамағат тоңқайса мен де тоңқайып, тұрса мен де тұрып, бірінші рет құлшылық жасап көрдім. Сөйтіп " жұмабай" болып жүрдім. Біршама уақыт.
Ол кезде сабақты тек аудио ретінде тыңдайтынбыз. Басқа жолы жоқ еді, ол уақытта. Бәріміздің телефонымыз діни уағыздарға толы. Дарын, Ринат, Абу Мариям және Саид Бурятский еді тыңдайтын "ғұламаларымыз". Мазхаб, ақида, сәләфи деген түсінік мүлдем жоқ. Әдемі сөйлейтін. Сонда бір видео көрдім. Саид Бурятский, орманда, қолдарында қаруы бар, уағыз айтып отыр. Ибн Теймийаның "фурханы (сектаны) қалай ажыратуға болады" деген сабағын. Ол кезде олар "біз сәләфпіз" деп әлі бөлінбеген еді. Сонда айтады: фурха екенін білу үшін бірнеше белгі бар. Соның ең есімде қалған белгісі "өзіне ат беріп жамағаттан бөлінуі". Қалай өздерін "сәләфпіз" деп атаған кезде бірден тоқтадым. Өздеріне атау берді, жамағаттан бөлінді. Тіптім намаз оқымай кеттім ғой. Кейіннен бастап бірде оқып, бірде оқымай жүрмін, осы уақытта. Ол басқа әңгіме енді.
Айтпағым, мешітте отырған кейбір имамдардың мүлде білімі жоқ. Қойған сұрағыңа жауап таппайсың. Мына адасып жүрген жігіт-қыздардың осылай адасуына тікелей діни басқарманың кінәсі бар. Мешітке имамдыққа, жаназа шығаруға, бір жерге барып құран оқып беруге таласып жүрмей, осының басында болу керек еді. Ерегісіп "олар адасқандар ғой" деп жабылып алмай, солармен жұмыс істеу керек еді. Өздері жіберді жастарды сол араб елдеріне барып ілім алып келуге. Кейін өздері сол жастармен соғыса бастады. Бұл соғыстың аяғы жоқ. Сәләфтәр біткен соң жаңа жау пайда болады. Кім олар? Түбі жай намаз оқитындарға жететін болады осының бәрі. Тығылып, жасырын істейтін боласыңдар құлшылықтарыңды.
Нұрлан Құлымбетов
Facebook-тегі парақшасынан