Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3609 0 пікір 18 Тамыз, 2010 сағат 08:52

Әзірет БАРБОЛ. УАҺҺАБИСТІК АРНАНЫҢ МАҚСАТЫ НЕ?!

«Abai. kz» ақпараттық порталында «Асыл арна» ислами телеарнасының директоры М.Тазабековтың сұхбаты жарияланды. Онда Мұхамеджан өзінің «уаһабистік» бағытын жасырып, ондағы сұрақтарға нақты жауап беруден қашқақтап, енді бір жерінде сұраққа тіпті жалған жауап беріп, қазақ мәдениетімен ұлттық дүниетанымымен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын таза салафиттік сарындағы «Асыл арнаны» дәстүрлі исламның, ұлттық дәстүрдің насихатшы құралы ретінде көрсеткісі келіпті. Болмаса қазақ даласында атымен, затымен жоқ, бұрын-соңды болып көрмеген құбылыс «ширкпен күресу», «дәстүрді мойындамау» туралы идеяны алғаш алып келіп, таратқан Мұхамеджандар енді «қазақы дәстүрді мойындап» қапты. Әйтпесе, «анау ширк», «мынау болмайды», «анай бидғат» деп елдің басын қатырып, қоғам арасында, әсіресе мұсылман жамағаты арасында іріткі, фитна тудырған, ақыры елдің бірлігін алған салафиттік, уаһабиттік жамағат болса, әсіресе біз білетін М.Тазабеков енді аспаннан түскендей «елдің бірлігін» ойлап қапты.

«Abai. kz» ақпараттық порталында «Асыл арна» ислами телеарнасының директоры М.Тазабековтың сұхбаты жарияланды. Онда Мұхамеджан өзінің «уаһабистік» бағытын жасырып, ондағы сұрақтарға нақты жауап беруден қашқақтап, енді бір жерінде сұраққа тіпті жалған жауап беріп, қазақ мәдениетімен ұлттық дүниетанымымен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын таза салафиттік сарындағы «Асыл арнаны» дәстүрлі исламның, ұлттық дәстүрдің насихатшы құралы ретінде көрсеткісі келіпті. Болмаса қазақ даласында атымен, затымен жоқ, бұрын-соңды болып көрмеген құбылыс «ширкпен күресу», «дәстүрді мойындамау» туралы идеяны алғаш алып келіп, таратқан Мұхамеджандар енді «қазақы дәстүрді мойындап» қапты. Әйтпесе, «анау ширк», «мынау болмайды», «анай бидғат» деп елдің басын қатырып, қоғам арасында, әсіресе мұсылман жамағаты арасында іріткі, фитна тудырған, ақыры елдің бірлігін алған салафиттік, уаһабиттік жамағат болса, әсіресе біз білетін М.Тазабеков енді аспаннан түскендей «елдің бірлігін» ойлап қапты.

«Қазір қарапайым жұрт «ойбай анау уаһаб, мынау сопы» деп сол сөздердің мағынасын білмей жатып үрейленетін болды. Таратып айтып беріңізші. Бұл қайдан шыққан терминдер?» деген сұраққа Тазабеков: «... Сақал қойған, дін ұстанған адамды өзіңе ұнамаған сипаты үшін «оңбаған уаһаб, артта қалған сопы» деп айдар тағып кінәласақ, ертең Алла алдында жауап беруге тура келеді. Сондықтан бізге көлеңкемізден қорқып, көп ішінен жау іздегеннен көрі адамдарға ақиқат жолдың абзалдығын айтып немесе өз иманымызды көркемдеумен айналысқанымыз жақсы» деп, сопы кім, уаһаб кім нақты белгілерін атап көрсетуден жалтарып, аса қатерлі уаһабизмді «қалыпты» көрсетіп, сұраққа тұщымды жауап қайырмаған. Болмаса қазіргі таңда елімізде террорлық әрекеттерімен бас-аяғы жүзден астам азамат бас бостандығынан айырылып, тар қапаста отырғандығы белгілі. Ал, еліміздің заңына сай құқық органдары «аса қатерлі» деп тапқан террористерді Мұхамеджанның «қауіпті емес» деп ақтауының себебі не? Міне осыдан да түсінікті болып отыр кімнің кім екендігі.

«Бір автор сіз бен Шорабек Айдаровты «қып-қызыл уаһаб» деп атады. Шыныңызды айтыңызшы, бұл не қылған парадокс? Өзіңіз уахаб, телеарнаңыз салафи...» деген сұраққа  өзінің қып-қызыл уаһаб екендігін, телеарнасының салафи екендігін мойындап, М.Тазабеков: «Қандай пікірді болса да, сөзді болса да естіп жүруге мойынсұнған Алланың бір құлымыз да» депті.

«Сіз салт-дәстүрге қарсы адам екенсіз» деген сұраққа Мұхамеджан: «Салт-дәстүрге қарсы адам» деп аруаққа сыйыну мен сыйлаудың арасын ажыратуға қатысты, ырым мен ақиқат сенім жайлы араласып кеткен пікірлерді ажырату жайында айтқандарым үшін айтып жатса - жаңсақ сөз. Бір Аллаға сыйынып аруағын сыйлаған халықпыз» деп бұл сұраққа да Тазабеков жалған жауап қайырған. Әруақты қазақ сыйлаған. «Жеті шелпегіңді сенің өлгендер жейді дейсің бе», «өмірден қайтқанның жетісін, қырқын, жылын беру өліге пайдасы жоқ», «қабірлерді көтермеу керек, қирату керек», «тірісінде құрмет көрсетпеген өлген соң қалай сыйлайсың» деп уаһабилер уағыздаса, онда қалай әруақты «сыйлап» қалған.

«Әулие, аруақ жайлы. Сіз айтқан сыйыну мен сыйлаудың ара-жігі қай жерден ажырау керек? Мысалы, Бекет ата, Райымбек батыр басына барып жатқандар бар ғой» деген сұраққа Мұхамеджан: «...Ал жай адам немесе әулие түгілі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) өзінен жәрдем тілеу, сыйыну - Ислам тыйым салған. Алла Тағала қасиетті Құранның бәрімізге белгілі «Фатиха» сүресінің соңғы аятының соңғы сөзінде «до лин», яғни, «адасқандардың» жолынан бізді сақта дейді. Адасқандар деп отырғаны кімдер? Христиандар. Ал олардың адасуының ең басты себебі неде? Христиандар Исаны (а.с.) Құдайдың баласы деп пайғамбарға сиынып кетті. Пайғамбарға сиынуды Алла Тағала адасқандар десе, жай адамға сыйыну деген тіпті сорақылық болмақ.... Біз құрметі биік Бекет атаның өзінен жәрдем сұрағаннан көрі, ол кісінің артына тастап кеткен өсиетінен азық іздегеніміз дұрыс... Бабалар жолына, бабаларға деген адалдығымыз осы ма? Бабаларымызды сыйласақ, олардың аруағын құрметтесек, олар бізге не айтқысы келді? Олар қалдырған өсиеттердің үдесінен шығуға тырысуымыз керек емес пе? Сонда ғана аруақ, баба сыйлаған, бабалар ұстаған қастерлі жолда жүрген болып есептелеміз»

Міне, Мұхамеджан өзін «бабалар жолына адалмын» дей отырып, «әулиеден, әруақтан» медет тілеген қазақ халқын мүшриктерге теңепті. Қазақ ешқашан әулиесін Иса  (ғ.с.) пайғамбарға табынған христиандар секілді оған арнайы құлшылық жасап, табынып кетпесе де Мұхамеджан  «медет тілеу» мен «жәрдем сұрауды» «сыйынуға» санаған. Егер де қазақ халқы христиандар, т.б. мүшриктер секілді әулиесіне «Сен құдайдың баласысың», немесе, «Құдайдың баласы, әйелі бар» деп оларға арнайы құлшылық қылса, онда әңгіме басқа болар еді. Ал, бұл жерде Мұхамеджанның «ширк» деп шиқылдаған сандырағы «медет тілеу, рухани жәрдем сұрау» болып тұр. Енді осы мәселенің ара-жігін ажырату керек.

«Асыл арнаның» ашылу салтанатында сөз сөйлеген Б.Тілеухан: «телеарнаның ашылуына жанашырлық танытып, көмек көрсеткен азаматтарға» шексіз алғыстар жаудырып жатты. Ал, ол «ширк» емес пе? Ол да Алладан өзге пендеден болған көмек.  Мұхамеджан өзің де осы арнаны ашу үшін біраз бизнесмендерден көмек сұрағаның өтірік емес қой. Ол да Аллаға серік қосу емес па? Сен де Алладан емес пендеден медет тілеп отырсың ғой, көмек сұрап. Ал көмек сұрауды, медет тілеуді «сыйынуға» санасақ, онда сен де «Христиандар істеген сорақы істі» жасадың ғой. Ал, тіріден көмек сұрауға, медет тілеуге болады. Тек өлілерден көмек сұрамасақ болды десең, олда Құранда Алла «оларды өлі демеңдер, олар тірі» деп ерекше атап көрсеткен ғой. Егер де осы аталған аятқа иман келтірсек тіріден қалай көмек тілесең, Құдай Құранда атаған, әулиені де «тірі» деп есептеп «көмек сұрауға» болады. Ал сенің қазақтың «медет тілеуін», «көмек сұрауын», «сыйынуға» санауың ол қиянат.

Қ.А.Яссауидің ілімін «исламның таза қайнар бұлағына тамған нәжіс» деп бағалап жүрген сендер, әулиенің ізбасары сопы Бекет әулие туралы «құрметі биік» деп қалайша атап қалғансың. Ол да жалған пікір, қисынсыз әңгіме. Оны өзіңнің де, жұрттың да іші сезіп тұр.

«Бекет әулиені, өткен тарихтағы хақ ислам жолында жан қиған құрметі биік тұлға» деп бағаладың. Ал, енді сондай әулиені неге зиярат етеміз? Деген сұраққа «өлілер бізге мұқтаж» дедің. Ал, Бекет әулие өзің атап көрсеткендей «хақиқатты таныған тұлға» болса, онда Құранда Алла ондай әулиенің пендеге «шапағат ететіндігін айтқан». Ол туралы 43-ші Зұхраф сүресінің 86-шы аятында: «Олардың Алладан өзге құлшылық қылғандары шапағат ету күшіне ие емес. Бірақ хақиқатты біліп, куә болғандар басқа. Шапағат ете алады.» - делінген. Міне, қазақтың әулиеге неге құрмет көрсететіні, оған арнайы баратындығы осы аяттан мәлім болды. Бірақ М.Тазабеков сияқты уаһабистер «өлілер бізге мұқтаж» дейді. Бауырым адаспа, осы аталған аятты оқы Құраннан. Одан соң Бекеттің пендеге қалай шапағат ететіндігін көресің. Ал ол аятқа иман келтірмесең, онда сенімен сөйлесу харам.

«Сізге мін тағушы жазарман «уахабилер Абайлар сияқты сақал-мұртын қатар өсірмейді. Сақалын өсіріп, мұртын тақырлар алады» дейді. Сақал-мұрттың «садаққа» іліну себебі неде?» деген сұраққа М.Тазабеков: «Кез-келген хадис кітабын ашсаңыз, пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) «сақалдарыңды жіберіңдер, мұрттарыңды қысқартыңдар» деген.            ... Демек, мұсылмандардың басқа дін өкілдерінен ерекшеленіп тұратын сыртқы бір белгі - мұртымыздың қысқа болуы» депті. Онда Алланың соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) - нің жоғарыдағы келтірілген хадисіне сүйене отырып біз М.Тазабековты нағыз дінге жаңалық енгізуші «бидғат» жасаушы деп толық айта аламыз. Өйткені ол хадисте «Сақалдарыңды жіберіңдер де, мұрттарыңды тақырлаңдар» делінбеген ғой. Тек, «қысқартыңдар» деген. «Қысқарту» мен «тақырлау» екеуі екі әңгіме. Мұхамеджан сен өзің сол хадисті айта отырып, оған қарсы амал етесің, сонда пайғамбарға қарсысың ба не өзі? Жоқ жұртты ақымақ санағың келеді ме? Қанша айқайлап бақырсаң да, шынайы бет-бейнеңді жасырсаң да көрініп тұр көзі қарақты зиялыға. Қып-қызыл уаһһаб екендігің.

Ал «Асыл арнаны» уаһабилік идеяны таратуға құрылған арна деп атауымызға толық негіз бар. Мәселен, дәл осы телеарнада көрсетілген «Қабірге зиярат ету» атты телекөрсетілімде мынадай «уаһабиліктің» белгілері ашық айтылды.

Диктор:

- Әулие мен аруқтардан және ғайыптағы адамдардан күнәміздің кешірілуіне көмек сұрап дұға талап етуге болама? Болмайды. Өйткені бұл Аллаһ алдында кешірілмейтін күнә, үлкен ширк. Оған дәлел, Бухари Аллаһ оған разы болсын! жеткізген хадис: «кәмде кім Аллаһ Тағаладан басқа біреуге дұға етіп, жалбарынып жүрсе, ол тозаққа енеді».

- «Аллаһпен бірге басқа тәңір шақырма. Онда, сен де азапқа ұшыраушылардан боларсың»   (Шура сүресі. 213 аят).

- Егер пенде Ұла Раббы мен жолығуды қаласа, әрине оған алдын ала дайындалуы қажет. Ол үшін алдамның Аллаһ Тағаланың алдына тек ізгі іс, игі жақсылықтар мен баруға, бар күш жігерін жұмсауы, мерейлі міндетіне айналуы тиіс. Осы жолға қажетті азық , жаратушының әрбір иманды пендеге жүктеген парыз амалдарын қағлез орындау,  шариғи білім алу. Ең бастысы ауыр күнәдан, яғни Аллаһқа серік қосудан аулақ болу.

Жалелдин Шамшидинұлы (Қаскелең қаласы «Ақ мешіт» мешітінің найб имамы):

- Өкінішке орай, қазіргі біздің қоғамымызда көп осындай шариғатқа қайшы жұмыстар көбінен етек алып жатыр. Яғни әулие ата бабалардаң басына барып тілек тілеу, оларға құрбандық шалу, олардан көтермеген әйелдер немесе құрсақ көтермеген келіншектер барып солардан бала сұрап жатады. Бұлардың бәрі исламға жат. Исламға қарама қайшы тірліктер. Сондықтан бұндай амалдардан аулақ болуымыз керек. Қабірге барғанда. Яғни тек қана біз қабірді зиярат етеміз, оларадың, олардан тек қана біз ахретті еске алу үшін, ахретті еске түсіру үшін ғана, тек қана қабірдің басына барамыз.  Олардан немесе бір тілек тілеп, олардан жанағыдай бір дұғаның қабыл болуын тілеу бұл шариғатқа қайшы. Яғни бір сөзбен айтқанда бұл шариғатқа өте қарама қайшы тірлік. Бұл ширк амалына жатады. Өлген кісіден бірдеңені талап ету - бұл ширк амалына жатады.

...Сонымен қатар Бухари мен Муслим жеткізген мына хадисті әрбір пенде жанында берік ұстағаны дұрыс. «Аллаһ елшісі оған Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәсемі болсын! қабірді сырлауға, үстіне отыруға, кесене тұрғызуға, топырағын биік етіп көтеруге, және оған бір нәрсе жазуға тиым салды.».

Профессор А.И.Артемьев: «Ваххабизм Сауд әулетінің саяси менмендігінің ресми жалауы болды. ХІХ ғасырдың басына қарай ол Арабия жарты аралының көпшілік бөлігінде нық орнығып, келе-келе Үндістан, Индонезия, Шығыс және Солтүстік Африкаға жайылуға мүмкіндік алды. Сауд Арабиясының көптеген арабтары, - оның ішінде король отбасы да бар, - қазірдің өзінде де ваххабиттер болып табылады.

Киелі орындарда билік жүргізу, яғни барлық мұсылман әлемін билеу мақсатындағы күресінде бұл әулет ештеңеден тайынбады: кінәсіз адамдар жаппай қырылды, олар тіпті Меккеге қажылық сапармен барғандарды да тонады. Бұндай қорлаушылықты тоқтаттыру үшін, Ұлыбритания билігінде отырғандардың (ағылшын тәжі саудтық билеушілерді қамқорлығына алған) араласуына тура келді. Сауд әулетінің киелі қалалар - Меккеде, Мединеде және Таяу Шығыста да тікелей Ұлыбританияның қолдауы арқасында бекініп алғанын айтпай кетуге болмайды. Қаржылай, әскери және басқа дай көмек бұл режимге осы уақытқа дейін тек жекелеген ғалымдар ғана кіре алатын Британ мұражайы Кітапханасында сақтаулы жатқан мемлекеттер басшылары арасындағы келісім-шарттарға сәйкес түсіп отырады. Келісім бойынша британ тәжі қашанда Сауд әулетін Хиджаздағы (екі қасиетті орын кіретін аймақ солай аталады) билік басында ұстап тұратын болды. Саудтар арқылы Батыс өз саясатын бүгінгі таңда да жүргізіп отыр ...Бүгінгі таңда ваххабит идеологиясындағы анықтаушы сәт - ол жиһадты уағыздау және исламдық емес күштерге күйрете соққы беру болып отыр. (А.И.Артемьев. «Дінтану» Алматы 2008 ж.486-487-бет) деп жазды.

Түркістан газетінің (27 тамыз, 2009 ж.) санында газет тілшісінің «Өзіңіз діни білімді қайдан алдыңыз?» деген сұрағына М.Тазабеков: «...Мекке-Мәдинаға оқуға ниет етіп барғандығын» ашық айтқан болатын.

Ислам және өркениет (№05 (89) 1-15 наурыз, 2007 ж.) санындағы М.Естеміров «Іштен ірітуші уаһһабилер, өзін «таза ислам» жолындағы «сәләфилерміз» дейді» атты мақаласында: «...Бүгінгі таңда облыс аумағындағы шет елдерден келген ислам қорлары мен ұйымдары жабылып, шетел азаматтары Қазақстан аумағынан аластатылғанымен, олардың іс әрекетін қазақстандық шәкірттері мен Мәдинадан білім алып оралған, солардың жетегіндегі өзге де жастардың жалғастырып жатқандығы өкінішті» деп жазды.

Саудия ілімінің аса қатерлі екендігін сенатор ағамыз Ғ.Есім: «Қазіргі Қазақстан жағдайында ислам екі түрлі бағытта аңғарылып келеді. Бұл жақсылық емес. Арабиядан білім алып келген біздің жастар Қожа Ахмет Иассауиді құрметтеуді қойыңдар, аруақты құрметтемеңдер деген үгіт таратып жүр. Бұл болмайтын әңгіме. Біз тамырымызға балта шаба алмаймыз. Біздің халықтың менталитетінде аруақты құрметтеу қасиетті іс. Аруағын жерге таптап, мұсылман болуға қазақ көнбейді. Біз аруақты құрметтегенде, Аллаға, пайғамбарға шек келтіріп тұрған жоқпыз. Бір кезде бірыңғай орыстандыру саясаты жүрсе, енді бірыңғай арабтандыруға көшпекпіз бе? Исламның Иассауи салып кеткен жолы бар. Ол - түркілік ислам. Егер, біз осы мәселеге сақ болмасақ, ұлтығымыз бен елдігімізге сызат түседі. Сөйтіп мұсылмандықтың өзі бірнеше жіктен тұрады ғой. Қазір арабтар әкелген мұсылмандық пен біздің дәстүр-салтымызға сыналай еніп, қалыптасып кеткен софылық әдебиеттің негізінде Иассауи әкелген мұсылмандық екеуінің арасында түсінбестіктер орын алып отыр.» (Амреева  А.А., «Діни экстремизм мен терроризм: мәні және Қазақстанға ықпалы». Алматы, 2005 ж.,168-169-бет) - деп атап көрсеткен болатын.

Міне осындай нақтылы деректерге сүйене отырып «Асыл арна» телеарнасы мен оны басқарып отырған М.Тазабековты «қып-қызыл уаһһабист» деп толық айтуға негіз бар. Ал, Мұхамеджан болса неге екендігі белгісіз осындай «қатерлі уды» таратуға әбден ынтық.

Мұхтар Мағауин ағамыз «...Міне, алақай! Аруақ! Ақсарбас! Қазақ Ордасы құлағаннан соң жүз қырық төрт жыл дегенде ұлысымыздың туы қайта көтеріліпті. Адасып емес, таңдап тауып, бақ қонған деген осы емес пе?» деп жазды. «Ұлтсыздану ұраны» («Алаш» Алматы 2004 ж., 9-бет).

Шерхан Мұртаза: «Райымбек Сейтметов туралы жаза келіп, «...Оның рухын ұлы Домалақ ананың, Тұрардың әруақтары қолдай жүрсін, Алла о дүниесін жұмақтан берсін» деп жазды. «Бір кем дүние» (Алматы «Жазушы» 2008 ж. 99-бет.)

Міне қазақтың әдебиеті мен мәдениеті, тарихында өзіндік орны бар ұлт зиялылары да «аруағын шақырып, пірінен медет тілеген».

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371