Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2736 0 пікір 21 Қыркүйек, 2016 сағат 18:36

Шымкентте «Шымкент аруы - 2016» байқауының жеңімпазы анықталды

Шымкентте қала күніне арналған мерекелік шара аясында облыстық опера және балет театрында «Шымкент аруы - 2016» ұлттық арулар байқауы өтті. Қала әкімдігі тарапынан ұйымдастырылған сұлулар сайысына шаһарымыздағы 16-23 жас аралығындағы 16 қыз қатысып, өзара бақ сынасты. 

Айта кетерлігі, 1997 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші қатысушылар шығармашылық тұрғыда өзін таныстырса, екінші кезекте зияткерлік байқауында білімділігін паш етті. Ал соңғы тур сән шоуына ұласты. Үш кезеңнің қорытындысына сай үш номинация бойынша жеңімпаздар таңдап алынды. Осы реткі байқауда бәсекелестікті арттыра түсу үшін бағалау тәсіліне онлайн дауыс беру әдісі қосылды. 

Осылайша қазылар шешімімен «Шымкент аруы - 2016» байқауының жеңімпазы Бекжігіт Тоғжан, І-ші вице мисс Файзулла Айыпжан, ІІ-ші вице миис Дайана Сәдуақасова атанса, көрермен көз айымы аталымы бойынша Салима Бейсенғалиева жеңіп алды. 

Аталмыш байқау жеңімпаздарына 165 мың тг көлемінде жүлде қоры белгіленген. Сондай-ақ, сұлулар сайысының бас жүлдегері алда өтетін республикалық «Қазақстан аруы» байқауына жолдама алды.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434