Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3238 1 пікір 20 Қыркүйек, 2016 сағат 11:22

Бас мүфти Дін істері министрімен кездесті

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы жаңадан құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевпен кездесті, - деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі .

Кездесуге, сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Марат Әзілханов, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚМДБ Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев және ҚМДБ Баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Ресми кездесуде жастарға дұрыс діни ақпарат жеткізу, діни оқыту-ағарту жүйесін жетілдіру, имамдардың білімі мен тәжірибесін шыңдау, елімізде қалыптасқан дінаралық келісімді одан әрі нығайту, халыққа діннің адамгершілік, жалпыға бірдей мейірбандық құндылықтарын насихаттау, т.б. мәселелер жан-жақты талқыланды.

Министр Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі дінаралық келісімді нығайтуға қосып жатқан үлесі үшін алғысын білдіріп, осы бағытта дін қызметкерлері тарапынан нәтижелі жұмыс жүргізіле беретініне сенім білдірді.

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499