«Тіл шебері-2016» республикалық байқауын өткізеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері-2016» республикалық байқауын өткізеді, - деп хабарлайды Абай ақпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара 2016 жылдың 16 қыркүйегінде, сағат 10.00-де Астана қаласындағы (Тәуелсіздік к., 50) Қазақ Ұлттық өнер университетінің Жамбыл атындағы концерт залында басталады.
Байқаудың мақсаты: Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау.
Байқау «Мәдениеттаным», «Ұлттаным» және «Өнертаным» атты үш аталымнан тұрады.
Байқауға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан үміткерлер, құрметті қонақ ретінде ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығы, зиялы қауым өкілдері қатысады.
Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.
Байланыс телефондары:
факс: 8 (7172) 408397;
тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс); 87472642646; 87013198887
Abai.kz