Алматы кәсіпкерлері «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы займдарды алудың сөзбұйдаңы тым көп және құны тым жоғары дейді
Алматы. 20 тамыз. ҚазТАГ – Алматы кәсіпкерлері «Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы займдарды алудың сөзбұйдаңы тым көп және құны тым жоғары, ал ол туралы өтініш жиі қанағаттандырылмайды дейді. Олар Алматы әкімдігіндегі іскерлік кеңес отырысында осындай пікірі айтты.
«Кәсіпкерлер банктердің көп жағдайда бизнесте жаңа бағыт ашпақшы болғандарының өтініштерін қанағаттандырмайтындығын атап өтті. Проблемалар қатарында олар сондай-ақ заим алудың тым қымбаттығын, банктердің кәсіпкерлерге сенбейтіндіктерін, несиені рәсімдеу процедураларының күрделігін, айналым қаражатын қайта қаржыландырудың жоқтығын, банктердің валютадағы несиелерді субсидиялаудан бас тартуы, кепілдік жылжымайтын мүлікті лайықты бағаламау мен т.б. қиындықтарды атап өтті», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Бұл ретте банктердің өздері кәсіпкерлердің жобаларының тәуекелдігі жоғары екендігі мен әлемдік дағдарысқа сілтеме жасайды.

«Қаржылық институттардың өкілдері кәсіпкерлерге несие беруден бас тарту себебін жобалардың тәуекелдерінің тым жоғары екендігімен және әлемдік дағдарыспен түсіндірді. Одан басқа олар әлеуетті қарыз алушыларды несиелендіруден бас тарту себептерінің арасында бағдарлама аясындағы тізімнің шектеулі екендігімен түсіндірді», - делінген хабарда.
«Барлық банктерде қысқа мерзімдік өтімділіктер жеткілікті және егер қарыз алушы төлеуге қабілетті болса, оған айналым капиталына аз уақытқа несие бөлуге болады», - деген ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігінің (ҚҚА) төрайымы Елена Бахмутованың сөзі келтіріледі.
Отырыс қорытындысында, делінген хабарда, айтылған ұсыныстарды қала әкімі Ахметжан Есімов ҚР премьер-министрі мен оның орынбасарына жеткізуге уәде берді. Бірақ баспасөз қызметі ол ұсыныстарды ашып айтпады.
«Бағдарлама мақсаты тамаша. Бәлкім оны іске асыру тетіктері тыңғылықтанбаған шығар. Бағдарлама табысты жұмыс істеп және кәсіпкерлерге жақсы нәтиже беруі үшін, проблемалық жақтарын мұқият қарау керек», - деді іскерлік кеңес отырысының қорытындысында А. Есімов.