ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АХМЕТОВТАРДЫҢ МЕНШІГІ МЕ?..
Ақпарат саласы үшін күз жаңа маусым есептеледі. Телеарналар көрермендерге қандай тың, жаңа жобалар ұсынатыны әзір белгісіз. Әзірге мемлекеттік арналардың басшылық құрамы да ауыс-түйістен ада. Ал, елдегі орыс веб-сайттарының өткен аптадағы жарияланымдарының ішінен біздің назарымызды аударған мақалалар легі төмендегідей.
фото: forbes.kz
RATEL.KZ: «Даниал и Талгат Ахметовы: отцу - власть, сыну – бизнес» «Даниал және Талғат Ахметовтар: әкесіне билік, баласына бизнес». Мақала Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың отбасы туралы жазылған. Автор Ахметовтың ата-анасы, аға-әпкелері, өскен жері, ортасы, атқарған қызметтері жайлы жаза келіп, Даниал Кенжетайұлы лауазымды мемлекеттік қызметтер атқарып тұрғанда оның туыстары мен балалар қандай бизнес жасағанын айтады. Мәселен, 1993 жылға дейін дәрігер болып жұмыс істеген Даниал Ахметовтың қарындасы Гульфаз Аубанова «Данель» жекеменшік медициналық мекемесін ашып алған. Бұл мекеме Керекудегі ең қымбат медициналық мекеме саналады. «Ахметов прьемер министр болып тұрғанда қарындасы Гульфаз Аубанова мемлекеттік қызметте тез өсті. Клиникасын сенімді адамның басқаруына берген ол 2005 жылы Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2009 жылы Ахметовтың қызметі қорғаныс министріне дейін төмендегені оның ұлы Талғат Ахметовтың бизнесіне ешқандай кері әсерін тигізген жоқ. Керісінше, оның Павлодардағы көптеген бизнестері одан әрі көркейді. Қорғаныс министрінің баласына «ГлорияФарм» дәріханалар жүйесі, «Аманат», дүкендер желісі, «Иртыш» қонақ үй комплексі және ЖШС шаш-етектен пайда әкеліп жатты». Талғат Ахметовтың бизнесі бұл айтылғандармен ғана шектелмейді екен. «Бұдан өзге Талғат Ахметовтың Eco Energy, «Аманат», «Ертiс сервис трейд», "Ақ сұңқар НТ" «Алга» ЖШС және «ТрэйдКом» ЖШС өзгеде компаниялары бар. Көріп отырғандарыңыздай, Даниал Ахметовтың баласының қызығатын салалары әртүрлі. Сондықтан қазір Павлодар облысын «Ахметовтардікі» дегенде үлкен Ахметовтың қызметтегі жылдарын ғана емес, кіші Ахметовтың иелегінің көлемі де назарға алынады»
NEWTIMES.KZ: "В Казахстане официально трудятся более 11 тыс китайцев» «Ресми түрде Қазақстанда 11 мыңдай қытай еңбек етіп жүр». Биылғы жарты жылдықтың есебіне сәйкес Қазақстанда 11 мыңдай қытай еңбек етіп жүргенін денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйене отырып таратқан сайт «Мекеменің мәліметінше, еңбек мигранттары ең көп келетін елдер Қытай 11 713 адам, Түркия 3 302, Өзбекиістан 3 012, Англия 1 490, Үндістан 1 274 адам».
фото: tengrinews.kz
MATRITCA.KZ: «6,35 трлн тенге накопили казахстанцы на счетах ЕНПФ» «Қазақстандықтар БЗЖҚ дағы қорларына 6,35 трлн теңге жинаған». Үкімет халықтың зейнетақы қорындағы қаражаттан ақша алып, экономикаға салғаны мәлім. Сарапшылар Үкімет халықтың қаражатын сұраусыз алды әрі экономиканың қажетті саласына да салған жоқ дегенді айтып келеді. «Осы жылдың 1 тамызындағы дерек бойынша зейнетақы қорындағы қаражат 6,35 трлн. теңге. 405 713 адам міндетті зейнетақы аударымдарын жасаушылар болса, - 39 075 адам өз еркімен зейнетақы аударымдарын жасап келеді» деп жазады сайт.
RADIOTOCHKA.KZ: «Салафитский разлом-2» «Салафиттік бөлініс 2». Журналист Нәзира Дәрімбеттің зерттеу мақаласында Алматыдан 30 шақырым жерде орналасқан Әйтей ауылындағы салафизм теріс діни ағымын ұстанушылар туралы жазған. Журналист қарапайым ауыл адамдарымен жолығып сөйлескен. «Бірде жас әрі жүкті әйел келіп, ораза ұстап жүргенін айтты. Мен оған жүктілік кезінде мұның зиян екенін әрі шариғатта жүкті әйелге ораза тұту парыз етілмегенін айттым. Ол мені тіпті тыңдағысы келмеді. Өзін жақсы сезінетінін айтып, бұл оның жеке ісі екенін, сендер Ислам туралы ештеңе білмейсіңдер деді». Бұл ауылдағы медициналық бөлімше қызметкерінің сөзі. Журналист кездеске ауыл тұрғындары, әкімшілік қызметкерлердің барлығы да салафизм ағымын ұстанады делінетін адамдардың оқшауланып жүретінін, еш жерде жұмыс істемесе де тұрмыстары жақсы екенін айтқан. Журналист көшеден жолшыбай кездестіріп қалған қара жамылған әйелдің әңгімесі мынау: «Аруаққа табынуды біз ширк деп санаймыз. Өлген адамға не үшін Құран оқу керек? Құран өлілерге емес, тірілерге керек. Менің әкем қайтыс болған. Ол жерде шіріп жатыр. Оған Құран оқуымыз керек пе? Анама қаншама айтсам да, тыңдағысы келмейді. Бізге намаз оқымайтындармен араласуға болмайды. Сондықтан, шешеммен араласуды тоқтаттым». Бір ғана ауылдағы діни ахуалды жаза келіп, журналист: «Мұны кездесйсоқтық деуге болмас. Әйтей ауылында нағыз «салафиттік» анклав бар. Мұндай Әйтей ауылында нағыз «салафиттік» анклавтар Қазақстанның бүкіл ауылдарында бар» деген ойын айтады.
Шолу жасаған Нұра Матай
abai.kz