ОҚО, Төле би ауданында жол мәселесі шешімін тапты
Жыл басынан бері облыстық, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жоспарлы жүргізілуде. Жол қатынастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Төлеби ауданында қарасты ішкі жолдарға аудандық бюджет есебінен -111 365 000 мың теңге бөлініп 16,07 шақырым жол күрделі жөнделді, бөлінген қаражат толығымен игерілген. Қазіргі таңда Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ауданға 220 801 мың теңге бөлініп, аудандағы елді мекен көшелерінің 10 жол жалпы 18,8 шақырым автомобиль жолының жөндеу жұмыстары сапалы аяқталды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы тарапынан аудандағы облыстық маңызы бар 4 жол жалпы ұзындығы 22,48 шақырым автомобиль жолы және екі көпірге облыстық бюджеттен 586 335,0 теңге бөлініп орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2016 жылы Ленгер қаласындағы жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында бейне бақылау қондырғыларына 14 млн тенге қаражат бөлініп 12 жолдың қиылысына қондырғылар орнатылды. «Абайлаңыз балалар» жол белгісін орнату үшін 3 253 571 мың теңге қаражат бөлініп 67 мектептің алдына бейне тақта орнатылған.
Abai.kz