АҚШ ҚОҒАМЫ: "ТРАМП БІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІМІЗ ЕМЕС!"
Күні кеше ғана АҚШ-та кезекті президент сайлауы аяқталып, республикашыл Доналд Трамп жеңіске жеткенін хабарлаған едік. Сайлаушылардың 48 пайыз дауысын жинаған Доналд Трамп АҚШ-тың нөмірі 45-президенті болды. Әлем мемлекеттерінің басшылары өздерінің ақжарма құттықтауларын жолдады. Доналдтың басты қарсыласы демократияшылдар атынан додаға түскен Хилари Клинтон жеңілгенін мойындап, Трампты құттықтады. Хош, болса болыпты да.
Алайда күллі әлемге нағыз демократияның қандай болатынын паш еткен Америка тұрғындары кешелі бері көшеде жүр. Сайлаудың соңы жалпы халықтық наразылық шеруіне ұласты. Трапмқа қарсы. «Трамп біздің Президентіміз емес!» дейді белсенді қоғам азаматтары. Бұл наразылық біздің де назарымызды аударғандықтан шолу жасауды жөн көрдік.
«BBC» агенттігінің ақпараттарына сүйенсек, Трампқа қарсы наразылық шаралары Нью-Йорк, Окленд (Калифорния), Портленд, Лос-Анджелес, Чикаго, Вашингтон, Филадельфии, Бостон, Сиэтл және Сан-Франциско қалаларында өтуде.