Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4496 0 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 12:15

АДАМЗАТ АДАСҚАНЫН ДӘЛЕЛДЕДІ...

Менің айқын ұстанымым мынадай: Америка алып ел болғанымен, күллі әлем емес, тіпті, оның жартысы да емес. Десе де, турасын айтқанда, кешегі кеңес билігі секілді, бұл да зорлық пен зұлымдықтың бір ордасы: бас пайдасы басына шыққан, сасық саясаты қанына сіңіп кеткен...

Мысалы, біздің елде кешегі озбыр орыстың сталині мен коммунисін, ақ арағы мен шошқасының майын жан-тәнімен қорғап, қырықпышақ ұрсысатын ақсақалдар әлі де бар. Сол совет өкіметі әділдік туралы, достық жайлы, теңдік тұрғысында бұлбұлдай сайрап, нешеме өтіріктерді соқты. Айтып, тауыса алмайсың. Соған аталарымыз бен әкелеріміз алғашында имандай сенді ғой...

Бір жерден мынадай сәуегейлікті көзім шалды: «Геосаясаттан хабары бар адамдар осы сайлау­да ТМД елдерінің тағдыры да шешілетінін түсініп, тықыршып отырған болуы керек. ТМД елдері ары қарай жеке тәуелсіз ел болып қала ма, әлде, Ресейдің қол астына қайта кіріп, оның отары боп құри ма, деген сұрақ бүгін шешілмек... «Трамп келмесін» деп тілейік. Егер Трамп президент болса, ТМД аумағы оның досы Путиннің қоластына өтіп, біздің мемлекеттігімізге үлкен қауіп төнеді. Себебі, Трамптың сыртқы саясаттағы ұстанымы сондай. Трамп бізді лақтырып кетпекші. Ал, «Ресми Вашингтон – біздің Тәуелсіздігіміздің кепілі, біз ядролық қаруды бергенде, солай уағдаласқанбыз» деуіңіз мүмкін. Бірақ, әлемдік ойыншылардың ойынысыз ешбір халық өз саясатын жасай алмайды...»

Ал, ендеше!..

Трамп жеңді, бірақ, ертең дүние бүлініп кетпейді. «Сайқымазақ» Трамптан қазақтың қорқатын ештеңесі жоқ. Одан да зорын, «Кеңес өкіметі» деп аталатын тажалдың да табанын тайдырғанбыз. Қазақ та, өзбек пен тәжік те, түркімен мен қырғыз да, басқалары да қолындағы бөзі мен ауызындағы сөзін қолдан бермейді, қалайда күш-қуаты мен қайсар жігерін аянып қалмайды. Сосын, «Трамп пен Путин дос» деген сөз – құр сандырақ. Мұның шындығын уақыт көрсетеді...

Америка – айдала жапан түздегі жабайы джунгли емес, өте өркениетті де өрісті ел. Демек, Трамптың білімді жақтастары, білікті кеңесшілері, Ұлттық барлау орталығы, Ұлттық қауіпсіздік агенттігі, Конгресс, Жоғары сот және басқа да мемлекеттік органдар осыған дейін ұстанған саясатты оңайшылықпен өзгертпейді.

Қазақ мемлекетінің, қазақ ұлтының мақтанышы, майталман боксшы Геннадий Головкин канадалық Давид Лемьені техникалық нокаутпен жеңгенде, Американың жаңа басшысы Дональд Трамп: «Бұл тамаша жекпе-жек болды. Головкин – ұлы боксшы», – деген еді. Сол ұлы спортшының Ұлы елі – Қазақ Елі де оңай шағылатын жаңғақ емес. Ақырын жүріп, анық басқаныңыз жөн, Президент мырза!

...Қалай десек те, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» (Абай) демек­ші, ақырзаман ақырындап жер бетіне жақындап келе жатқан секілді...

Алып құрылықтағы халықтың бүгінгі әрекеті – жалпы адамзат баласының адасу жолына түскендігін анық дәлелдеді...

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504