Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Мәйекті 3768 0 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 11:55

ӨРТТЕН ӨЛГЕН ҚЫРҒЫЗ ҚЫЗДАРҒА ЖАНАШЫР БОЛЫП ЕДІК, ЕНДІ ШЕ?...

«Алматы Тауэрстегі» өрттен қаза болғандардың отбасыларына 3 млн теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы оқиға болған жерді аралау кезінде Алматы әкімі Бауыржан Байбекке «Алматы Тауэрс» компаниясының өкілі Аблимит Рахматуллаев айтты деп хабарлайды Baq.kz.

Қала әкімі марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, жан- жақты қолдау көрсетуді тапсырған.

«Қазіргі кезде оларға барынша көмек көрсетіп, жерлеу мен оған кететін шығын мәселесін шешу қажет. Ешкім назардан тыс қалмасын. Комиссия барлық тексеру жұмысын ашық және жариялы түрде жүргізеді. Қысқа мерзім ішінде толық есеп берілуі тиіс», - деп атап өтті Байбек.

«Алматы Тауэрс» басқарушы компаниясының өкілі өрттен қаза болғандардың отбасыларына бүгіннен бастап материалдық көмек берілетінін айтты.

Мерт болғандардың бесеуі - 20-дан енді асқан студенттер. Олар демалыс күндері келісімшартсыз, қауіп-қатерге қарамастан, жалданып жұмыс істеп жүрген.

Батут құрастыру орталығында жалданып жұмыс істеген студенттердің екеуі Сәтбаев атындағы техникалық университетте, ал екеуі Қазақ ұлттық университетінде оқыпты. Бесіншісі Асфендияров атындағы медицина университетінің 4 курсында білім алып жүрген. Төрт жігіт Оңтүстік Қазақстан облысының, ал тағы бірі - Алматы маңындағы Байсерке ауылының тумасы.

Осы оқиғаға қатысты қоғам берсендісі Айгүл Орынбек Facebook-тегі парақшасында былай деп жазды.

Айгүл Орынбек, қоғам белсендісі:

-Өзгеге келгенде емешегіміз езіліп,өзімізге келгенде безініп кететініміз жаман.Москва да қырғыздар өртенген кезде осы жерде біразы сол ұлтпен қайғырып еді. Ал кешегі Алматыдағы өртте өрімдей жастарымыз кетіп отыр. Бірақ қайғырып отырған ешкімді көрмедім. Бəрі Трамптың жырын жырлап мəз. Біздегі адам өмірі құнсыз екенін тағы бір көрінісі, адамның күлі қалса да бәрібір. Жұмыс беруші кім? Неге жұмысшылардың қауіпсіздігі қолға алынбаған? Бұл мәселені үнсіз қалдырмайық, балалары қайтыс болған отбасылырға заңгер тауып, көмек берейік. 

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір