Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3665 0 пікір 9 Қараша, 2016 сағат 11:26

Ресей Түркиямен әскери ынтымақтастықты қайта жаңғыртатынын мәлімдеді

Ресей ресми өкілі Түркиямен әскери ынтымақтастықты қайта жаңғыртып, жыл соңына дейін үкіметаралық комиссияның кездесуін өткізуді жоспарлайды деп мәлімдеді.

Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералды қызметінің басшысы Александр Фомин комиссияда НАТО-ға қатысушы Түркияға Ресейде жасалынған әуе шабуылынан қорғайтын жүйені жіберу мәселесі қаралуы мүмкін деді.

1 қарашада Түркия бас штабының басшысы Хулуси Акара Мәскеуге барған. Түркия ресми өкілінің мәлімдеуінше, Хулуси Акар мен оның ресейлік әріптесі Валерий Герасимов Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресуде әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады деп мәлімдеді.

Анкара мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас 2015 жылдың қазан айында түрік-сирия шекарасында ресейлік әскери ұшақты түрік тарабы атып түсіргеннен кейін, күрт нашарлады. Бірақ түрік әскери күші Түркия үкіметін биліктен тайдырмақ болған әрекетінен кейін, екі елдің қарым- қатынасы қайта жақсарды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3126
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1119
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1043