Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2779 0 пікір 8 Қараша, 2016 сағат 15:21

Ауылдарды медициналық кадрлармен қамтуды тапсырды

 

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауылдардың медициналық кадрлармен қамтылуын ерекше бақылауға алуды тапсырды

 ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында ауылдық жерлерді медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды тапсырды.

«Қазір біз айтқандай, жалпы түлектердің 23% ауылдық жерлерге жіберуіміз керек. Тамара Қасымқызы (денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі – ред.), сіз біздің ауылға жіберген адамдарымыздың онда қагшасы қалатыны, оларға онда қандай жағдай жасалатыны туралы ештеңе айтпадыңыз. Олар сол жерлерде медициналық көмек көрсете алуы үшін қажеттінің бәрі бар ма, олардың қаншасы қайтып оралады, неге қайтып оралады және одан кейін олар қайда кетеді? Бұл аса маңызды мәселе, оны назарда ұстауымыз қажет», - деді Б.Сағынтаев.

Еске салайық, сондай-ақ отырыс барысында ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев ҚР ДСӘДМ мен ҚР БҒМ-іне Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттерін қайта ашуды тапсырды.

Сондай-ақ, осы жиында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев педиатрия факультеттерін қайта ашуды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев дәрігерлердің, әсіресе, балалардың денсаулығына қатысты жіберуі мүмкін қателіктерінің тым қымбатқа түсетіндігіне назар аударды және медициналық жоғары оқу орындарындағы педиатрия факультеттері мен балаларға арналған медициналық көмек қызметін қалпына келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанда педиатрияны қалпына келтіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді

Ол «әсіресе, балалар дәрігерлерінің қателіктері тым қымбатқа түсетінін, бұл тұста медициналық кадрларды – әсіресе, балалар дәрігерлерін, педиатрларды даярлау сапасына көңіл бөлу қажеттігін» атап өтті.

Премьер-Министр денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсеноваға және білім және ғылым министрі Е.Сағадиевке медициналық жоғары оқу орындардағы педиатрия факультеттерін қалпына келтіру және жаңа оқу жылынан бастап бірден мамандарды даярлауды бастауды тапсырды.

«Мұндай мәселелерде эксперимент жасауға болмайды», деп атап өтті Премьер-Министр Б.Сағынтаев.

Еске салайық, еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарында педиатрия факультеттері 2007 жылы жабылды, бакалавриат деңгейінде дәрігерлерді даярлау жалпы тәжірибедегі дәрігерлерді дамыту қағидаты бойынша жүзеге асырылады. 

 

 Абай-ақпарат

0 пікір