Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3393 0 пікір 8 Қараша, 2016 сағат 14:46

Атамбаев: Қырғызстан Орталық Азияда сөз бостандығы жағынан алдыңғы орында

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев еліндегі журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, елдің дамуында олардың рөлі зор екенін атап өтіп, жалған ақпаратқа жол бермеуге шақырды.

«Қоғамның көңіл-күйі сіздердің кәсібиліктеріңізге, шынайы ақпарат берулеріңізге байланысты. Сіздер қоғамдық пікірді қалыптастырасыздар. Сол үшін дұрыс ақпарат беру сіздердің жауапкершіліктеріңізде», - делінген президенттің құттықтау сөзінде.

Атамбаев сонымен бірге еркін, демократиялық және ашық азаматтық қоғам құруда елдегі БАҚ басты рөл ойнайды деп атап өткен.

«Орталық Азияда сөз бостандығы жағынан Қырғызстан алдыңғы қатарда екені ешкімге жаңалық емес. Бір жазушы айтқандай: (Жарко Петан – словениялық жазушы, сценарист, режиссер): «Жарқын болашақтың қамын саясаткерлер ойлайды, өткеннің жақсылығы туралы тарихшылар, қазіргі жарқын өмір туралы журналистер қам жейді».Журналист халық үшін әлемдегі оқиғаның, ақпараттың, жаңалықтардың гиді», - деген президент.

Осыларды айта келе президент елдің болашағы үшін журналистері жалған, өсек сөздер мен дәлелденбеген ақпаратқа жол бермеуге шақырды.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3126
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1119
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1043