Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ. АСТАНАДА Л. МИРЗОЯН КӨШЕСІ БАР
«Алматыда көшесі бар Гогольдің.
Сырбай МӘУЛЕНОВ».
Астанада ғана ма? Алматыда да бар! Тағы қай қала, қай ауылда барын бір құдай білсін.
Голощекин деген қызыл пәле Қазақстанда «кіші Октябрь» саясатын жүргізіп, қолдан аштық жасап, «Қужақ» атанды.
Ел билігіне одан кейін әкелінген Л. Мирзоян (1934-1938 жылдар) қазақтың малына тиіспей, халықтың Ахмет Байтұрсынов бастаған арыстарын қырып салды. Қайран малсақ қазекем оны «Мырза-жан» деп атады, «Ұлдарымызда не әкеңнің құны бар еді?!» демеді.
Сол «Мырза-жан» белгілі жорналшы-тарихшы Юрий Жуковтың «Иной Сталин. Политические реформы в СССР в 1933-1937 гг.» деген нақты ақпаратты жинағының бір кейіпкері болыпты. Кітаптың: «Лимиты», запрошенные руководителями региональных парторганизаций и утвержденные ПБ» (Политбюро) деген бөліміндегі ұзақ тізімге үңілсем: «Казахстан. Расстрел 2346. Высылка 4403» деп тұр. Яғни Мирзоян нысанаға алған «халық жауы» 6749.
«Лимит» сұраушы басшылар арасында Мирзоян алтыншы орында. 1937-жылғы шілденің 11-і.
«Таблица эта явилась составной частью приказа Н. И. Ежова по НКВД от 30 июля 1937 г. «Об операции по репрессированию бывших кулаков, уголовников и других антисоветских элементов», делінген кітапта.

Ежов та «мырзажан» болды емес пе?! Ол Мирзоянның «лимитін»: атылатын 2700, жераударылатын 4950, яғни жиыны 7650 кісі етіп бекітіп, жоспарға 901 адамды қосқан, қазақтың мәтелін сәл өзгертіп айтқанда: бие сұрағанға түйе берген. Өйтпесе «халық жауларын» әшкерелеу жөніндегі «соцалистік жарыста» қызар ма?!
Кітапта мынадай да дерек бар:
«13 июля первый секретарь ЦК КП(б) Казахстана Л. И. Мирзоян направил в Москву на имя Сталина шифротелеграмму следующего содержания:
«Во время сьезда компартии Казахстана кандидатура председателя Казахского ЦИК тов. Кулумбетова после длительного обсуждения на пленуме сьезда тайным голосованием была провалена. Основным мотивом отвода и провала был факт перехода в 1919 г. тов. Кулумбетова с оружием в руках на сторону врага. За последние два месяца после сьезда ряд арестованных участников контрреволюционной рыскуловской и нурмаковской организации показывают на Кулумбетова как на одного из активных участников этой национал-фашистской организации. Возможно, в ближайшие дни следствие покажет необходимость ареста Кулумбетова. Мы считаем совершенно необходимым освободить Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа и просим ЦК ВКП(б) утвердить наше предложение об освобождении Кулумбетова от обязанностей председателя ЦИКа. Кандидатуру нового председателя ЦИКа внесем на утверждение Политбюро в ближайшие дни».
Спустя два дня ПБ утвердило предложение Мирзояна. У. Кулумбетов был снят, арестован, расстрелян...».
Қазақстанның тарихындағы қара дақтың бірі - Л. Мирзоянның атын өшіру былай тұрсын, оны дәріптеген мақала әлі күнге жазылып жүр. Бұған наразылық жасап, Алматы қаласының әкімдігіне, Қалалық мәслихатқа хат жаздым, Алматы көшесінен оның атын алып тастауға ұсыныс жасадым. Одан беріде алты ай өтті, ешбір хабар-ошар жоқ. Кім кімнен жасқанып, неден шошып жүр?
Бізде әлде жасқаншақтық, әлде немкеттілік екені белгісіз бір сұрықсыздық бар. Мысал жеткілікті. Қазақстанға, халыққа аса мол еңбек сіңірген қайраткер, абайтанушы, шәкәрімтанушы, мұхтартанушы ғалым, республикамыздың алғашқы гимнінің авторы, Мемлекеттік силығымыздың иегері Қайым Мұхамедханов марқұмның атын Алматы көшелерінің біріне қою жөнінде жұртшылықтың өтініші бар, бірақ орталықта «бос көше жоқ» болғандықтан келешекте қаланың қиыр шетіне орнайтын ауыл-селолардың біріндегі көшеге қойылатын көрінеді. «Л. Мирзоян көшесін» «Қайым Мұхамедханов көшесі» деп неге өзгертпеске? Сондай-ақ, Алматы орталығында «Клочков көшесі» екеу, соның бірін өзгертуге болмай ма?
Сөз ретіне қарай айта отыру артық болмас бір жәйт - Көкшетау қаласының көрнекті жерлерінің бірінде В. Куйбышевтің алып ескерткіші тұр. Қалада оның мұрағатжайы да бар. «Кеңестік көсемдердің» бірі болған Куйбышев Қазақстанға, Көкше өңіріне нендей жақсылық жасады?
Тиісті орындардағы басшылардан осы сұрақтарыма жауап болса екен деймін.
Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ.
Алматы. (20. 08. 2010 ж.)