Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2573 0 пікір 25 Қазан, 2016 сағат 23:14

Арман» агро холдингi бір ауылдыасырап отыр

Оңтүстiкқазақстандық жастар Шымкент қаласындағы Түркiстан сарайында Ресей, Сингапур, Қытай, Еуропа елдерiндегi бизнес саласында тәжiрибесi мол халықаралық дәрежедегi кәсiпкер Серiкбай Жолдыбайұлы Бисекеевпен кездестi. Басқосуда кәсiпкер жастарға арнап дәрiс өтiп, өз тәжiрибесiмен бөлiстi. 

«Арман» холдингiнiң президентi Серiкбай Бисекеев 2012 жылдың қорытындысы бойынша Ресейде ең үздiк бизнесмен атағына ие болған. «Ernst & Young» ұйымдастырған кәсiпкерлiк саласындағы ең беделдi халықаралық сыйлықты да Серiкбай Бисекеев ұтып алған. Ол Ресейде ғана емес, әлем бойынша бәсекеге қарсы тұра алатын атақты әрi жоғары технологиялы өнiм өндiретiн үлкен корпорация құра бiлдi. Бұл компания – В2В саласындағы жоғары технология шешiмi жағынан әлем бойынша көшбасшы болып табылады.

Сонау Қостанай облысының шағын бiр ауылынан шығып, еңбекқорлығының арқасында орасан зор жетiстiктерге жеткен азаматтың жастарға айтар ғибратты әңгiмелерi мол екен. «Табыс күнделiгi» тақырыбында өткен кездесу жас кәсiпкерлер үшiн зор мүмкiндiк болды. Қазақ жастарының бойындағы еңбекке құштарлық пен қызметке қызығушылық деңгейiн арттыру мақсатында қолға алынған шараға облыс әкiмiнiң өзi мұрындық болыпты.

– Бүгiнгi шеберлiк сыныбының пайдасы зор. Ол бiздiң тәуелсiз елдiң жастарына өз iсiн ашуына, кәсiбiн дөңгелетуiне, өмiрден жол табуына көмектеседi. Iс-шарада жастар мектепте оқытылмаған, ата-анадан естiмеген, жора-жолдастарынан көрмеген жаңа бiр бағыттағы ойды тыңдайды. Сол ойдың өрiсi жастардың болашақта осындай әлемдiк деңгейде танылуына септiгiн тигiзедi деген үмiттемiз, – дедi облыстық жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi басқармасының басшысы Болат Жанәбiл.

Баян ДАРҒОЖИНА.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475