Мақтарал ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің назарына!
"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 317 бұйрығының талаптарына сәйкес, ауданның АШТӨ-не тиісті субсидияларды төлеу мақсатында өтінімдер мен тиісті құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 24 қазаны мен 01 желтоқсаны аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.
Ескерту: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 317 бұйрығы қоса тігіледі.
Айта кетейік, бүкіл республикаға «Ақ алтын өндіру зауыты» деген атпен танылған Мақтарал ауданының шаруалары соңғы 10 жылда қауын-қарбыз өсірумен де танымал бола бастады. Бүгінде мақтаралдық диқандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меңгеріп, бақша дақылдарының экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын жасап шығаруда.
Бір ғана мысал, мақтаралдық диқандар биыл 28 мың гектар жерден 610 мың тонна қауын-қарбыз алса, соның 450 мың тоннасын шет ел нарығына шығарған. Бұл гектарынан 263 центнерден өнім алып, өткен жылмен салыстырғанда 25 центнерге артық қауын-қарбыз жинаған мырзашөлдіктер бақша дақылдарын өсіруден Орта Азияның көшбасшысы екендігін дәлелдейді.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі