Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3310 0 пікір 24 Қазан, 2016 сағат 10:31

Өзбекстан Таяу Шығыс елдері мен Африкаға автокөлік сата бастады

Өзбекстан Таяу Шығыс пен Африкадағы тоғыз елмен жеңіл автомобиль экспортына келісті. Бұл туралы Өзбекстан экономика министрлігі мен Мемлекеттік статистика жөніндегі агенттік есебінде көрсетілген, деп хабарлады СА-News.

Құжатқа сәйкес, жыл басынан бері 835 жаңа кәсіпорын тауарды сыртқа шығару ісіне тартылды, тауардың 246 жаңа түрі сыртқа шығарыла бастады, 52 жаңа нарық қамтылды.

Атап айтқанда, жеңіл автокөліктер Біріккен Араб Әмірлігіне, Ливанға, Иорданияға, Иракқа, Ганаға, Сенегалға, Кот д’Ивуарға, Сомали мен Нигерияға жеткізілді.

Бұған дейін хабарланғандай, елдің автоөндірісі ОАР-ға тауар жеткізе бастады. Ал Ұлыбританияға күш агрегаттары мен қозғалтқыш бұйымдары шығарылды, Латвияға дөңгелектің дисктері сатыла бастады."Узавтосаноат" ұлттық компаниясы ТМД елдерінің нарығындағы сауда көлемін ұлғайту мен жаңа нарықтарды ашуға ден қойды.

2015 жылдың аяғында Ravon брендінің жаңа түрі таныстырылды, GM Uzbekistan өндірген автокөліктер осы брендпен сыртқа шығарылып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522