НАТО Украинадағы жағдайды Ресеймен талқылауға дайын
Солтүстік атлантикалық одақ Донбастағы жағдайды НАТО – Ресей кездесуінде талқылауға әзір. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді.
Ұйым өкілдері Ресеймен Минск келісімі мен жанжалды реттеуге арналған "жол картасын" жүзеге асыру жолдарын талқылағысы келеді. "Жол картасы" сәрсенбі күні Берлинде "норманд төрттігі" басшыларының кездесуінде қабылданған еді. Столтенберг бұл келіссөздердің қашан басталатынын айтқан жоқ.
2014 жылы Қырымның ресеймен аннексиялануынан соң НАТО Мәскеумен әріптестігін тоқтатты. Столтенбергтің айтуынша, қазіргі таңда Ресеймен қарым-қатынаста саяси диалог тактикасы қолданылады.
Abai.kz