Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында Әдістемелік семинар өтті
Қазіргі таңда ғылым мен білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам мұғаліміне жүктелер жүк еселене түсуде. Ұстаз қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды азаматтар тәрбиелеп шығаруы қажет.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі де мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Осы артылған міндеттерді орындау, жүзеге асыру үшін үстіміздегі жылдың 28 қазаны күні тілдер бағыты бойынша эксперименттік алаң ретінде бекітілген Қарасай ауданы, әл-Фараби атындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін мектеп-гимназиядағы атқарылып жатқан эксперименттік жұмыстар жайлы әдістемелік семинар өтті.
Семинарда «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» Жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Орманбекова Ләззат Жекенқызы «Жаңартылған оқу бағдарламасы аясындағы критериалды бағалау» тақырыбында институтқа тілдер бағыты бойынша эксперименттік алаң ретінде бекітілген Қарасай ауданы, әл-Фараби атындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін мектеп-гимназиядағы атқарылып жатқан эксперименттік жұмыстары жайлы айтып өтті.
Институтқа тілдер бағыты бойынша эксперименттік алаң ретінде бекітілген Қарасай ауданы, әл-Фараби атындағы Дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін мектеп-гимназиядағы атқарылып жатқан эксперименттік жұмыстары аясында осы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елшіманова Г.Н. өз жұмысы жайлы таныстырылым жасады. Елшіманова Гүлдана Нурдинқызы эксперимент жетекшісі Орманбекова Ләззат Жекенқызымен бірлесе отырып жоба жұмысын жасап, өз тәжірибелерін «Үздік педагог» сайысында сынағандығын, нәтижесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Елшіманова Гүлдана Нурдинқызы республикалық «Үздік педагог» сайысында грантқа ие болғандығы жайлы айтып өтті. Болашақта да эксперимент жұмыстары жалғасатындығын, критериалды бағалау бойынша оқушылардың қызығушылығы мен ынтасының артқанын нақты дәлелдермен көрсетті. Семинар соңы пікір алмасу мен талқылауға ұласты.
Айгүл НҰРАҚБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы
бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
«Қоғаммен байланыс және баспа қызметі» бөлімінің бас маманы
Abai.kz