Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3063 0 пікір 20 Қазан, 2016 сағат 13:54

Сауда-логистикалық орталық ауылшаруашылық саласына оң ықпалын тигізеді

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі өнеркәсіп орындарын аралаған сапар барысында аумағы 112 гектар болатын сауда-логистикалық орталығында болды.

«Бұл орталықта шаршы метрі 242,5 мың құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізіне қосатын жол, темір жол тұйығы, қуаттылығы 10 МВт болатын электр стансасы, орталықтандырылған газ және су құбырларының құрылыстары жүргізілген. Заманауи кешендегі салынып жатқан құрылыстардың жұмысымен танысқан аймақ басшысы сауда-логистикалық орталығы ауыл шаруашылығына бейімделген Оңтүстік өңірінің экономикасына оң ыпқалын тигізіп, облыс өнімін әлемдік нарыққа шығаруға зор мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, тиісті мекеме басшыларына аталған орталықтың аумағын ұлғайтуды жүктеді», - деп мәлімдейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысында ауылшаруашылық секторы қарқынды дамып келеді. Оңтүстікке жасаған сапары кезінде Мемлекет басшысы арнайы тапсырмалар беріп, өңірдегі агро сектордың жұмысын жандандыруды тапсырған болатын. Әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының қаракөл қойлары Біріккен Араб әмірліктеріне экспортталуы және ауылшаруашылық өнімдерінің ЕО елдері нарығына шығуы қажырлы еңбектің үлкен жеңісі екені анық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550