Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қоғам 3867 0 пікір 18 Қазан, 2016 сағат 12:29

АҚТӨБЕ. СОТ АЛДЫНДА 29 АДАМ ОТЫР

Ақтөбеде 5 маусымдағы лаңкестік оқиғаға қатысты 29 адамның  сот ісі басталды. 

Алдын ала тыңдаулар Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында өтті. Сот алдында 29 айыпталушы отыр. Оның 9-ы бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық  жасағаны үшін, соның ішінде лаңкестік әрекетке қатысы бар болғандықтан, 18-і жоспарланған қылмысты хабарламағандығы, ал 2-і қылмысты жасырғандығы жөнінде айыпталып отыр.

Қылмыстық іс 201 томнан тұрады. Қылмыстық іс бойынша  215 түрлі сараптау және 26 тергеу ісі жүргізілді. Облыстық прокуратураның келісімі бойынша, тергеу және сот кезінде күдіктіні қамауда ұстау кезеңімен үйлестіру  төрт айға ұзартылды. Ал 7 қазанда лаңкестік фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

27 адвокат сотталушылардың мүддесін қорғайды. Сотқа куәгерлер ретінде 48    тұлға, 88 адам зардап шекендер ретінде шақырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде 5 маусымда бір топ адам екі қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге қарулы шабуыл жасаған болатын. Қалада терроризмге қарсы операция режимі жарияланды. Лаңкестік оқиғасының салдарынан сегіз адам, оның ішінде үш әскери адам қаза тапты.  Жарақатттанған 23 адам ауруханаға жатқызылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592