Жексенбі, 24 Қараша 2024
Не дейді?! 7687 0 пікір 17 Қазан, 2016 сағат 15:49

ValueWalk: КРЕМЛЬ ҚАЗАҚСТАНҒА «ИНТЕРВЕНЦИЯ» ЖАСАУЫ МҮМКІН

Жақында «ValueWalk» журналы «Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға жасайтын жаңа шабуылы» (Russia’s New Threat to Belarus and Kazakhstan) атты мақала жариялады. Онда АҚШ-тағы Президент сайлауынан кейін Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға саяси қысым жасайтыны туралы баяндалған. Батыс сатарпышалырының пайымдауларын "Abai.kz" порталы назарларыңызға ұсынады.

"Ресей экономикасының әлсіреуіне байланысты, - деп жазады «ValueWalk» журналы, - бірте-бірте оның ең жақын серіктестері саналатын Қазақстан мен Белоруссия Путин одағынан іргесін аулақ сала бастайды. Сондықтан да Кремль пост-кеңестік кеңістіктегі екі елге бірдей этникалық орыстардың құқығын қорғау деген сылтаумен «националист-экстремистердің» көмегіне жүгініп, «интервенция» жасауы әбден мүмкін1.

«Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға басқыншылығы АҚШ-тың жаңа сайланатын Президентінің алғашқы мерзіміндегі басты проблема болмақ» (The threat of a Russian attack on Belarus and Kazakhstan may be among the greatest challenges of the new president’s first term),-дейді аталған басылым.

Әрине, әлемде екі алпауыт саналатын Ресей мен АҚШ арасындағы жанжалдардың жаһандық саясатқа айтарлықтай ықпалы ететіні түсінікті. Десек те, басылым Украина сценарийін мысалға келтіре отырып, Путин режимінің одақтас үштікке әлімжеттік жасайтынын ашық жазады.

«Ресейдің Белоруссияға бақылау жүргізуі – РФ армиясының НАТО елдеріне қатер төндіреді. Әсіресе НАТО-ға мүше Польша мен Литва бірінші кезекте Ресей шабуылдарының нысанына айналуы мүмкін», дейді.

«Бір қарағанда Қазақстан мен Белоруссия бір-бірімен үйлеспейтін екі бөлек мемлекет. Славян тектес және орыс православ дініндегі 9,5 миллион халқы бар Белоруссия Ресеймен солтүстік-батыста шекараласып жатса, 18 миллионға жуық жан саны бар Қазақстан Ресейдің оңтүстік-шығысында орналасқан. Оның үстіне Қазақстан халқының басым бөлігі түркі тектес мұсылмандар. Дегенмен алдағы екі жылда бұл екі мемлекет те экономикалық әм саяси қысымға ұшырайтыны анық. Осылайша Путин әлемдік саясаттағы өз беделін сақтап қалуға әрекеттенеді» делінген мақалада.

Анығында қос бірдей одаққа мүше болып отырған үштіктің арасында болуы мүмкін сенімсіздіктің себебі – РФ экономикасының құлдырауы, қаржылық дағдарыстың РФ мұнайына әсері және инвестицияның тоқтауына байланысты тумақ. Батыс елдері мен АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының салқыны қазірдің өзінде Қазақстан экономикасына айтарлықтай соққы болып тигені белгілі.

«ValueWalk» журналы сарапшыларының пікірінше либерализация айтарлықтай қиындық туғызбайды-мыс. «Қазақстаның ішкі тұрақтылығының бұзылуының негізгі себебі – діни экстримизмнің өршуі болады» дейді батыстық сарапшылар. Соңғы жылдарда қазақстандықтардың  ИШИМ сапына көптеп қосылуы мен  Ақтөбе және Алматыдағы шетін оқиғалардың орын алуын мысал еткен басылым осындай тұжырым жасаған(Given the increasing participation of Kazakhstan’ s nationals in ISIS and the attacks on police stations and gun stores by Islamic militants, instability could be fraught with Islamic extremism).

Ресей агрессиясының кезекті нысаны неліктен Қазақстан мен Белоруссия болмақ деген сұраққа «ValueWalk» журналы: «Себебі пост-кеңестік кеңістіктегі Қазақстан мен Белоруссияда Совет одағынан қалған этникалық орыс диаспорасы көп. Сондықтан, Украинада болғандай, азды-кем орыс диаспорасын «белорус ұлтшылдары» мен «қазақстандық экстремистерден» қорғау деген сылтауды Путин қалт жібермеуді көздейді» деген жауап келтіреді (Because Belarus and Kazakhstan previously existed as Soviet republics; each has large ethnic Russian minorities, “abandoned” after the Soviet Union collapse. Russia could also use the defense of Russians from Belorussian “nationalists” or Kazakh “religious extremists” as an excuse for aggression, as it has done with Ukraine).

Осылайша, Ресей мен АҚШ арасындағы айқаста Қазақстан мен Белоруссияның позициясы көп түйінге шешім болатынын айтқан басылым, Қазақстанның тағы бір стратегиялық серіктесі әм көршісі Қытай туралы «ләм-мим» демепті.

Ағылшын тілінен аударған Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592