Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2601 0 пікір 17 Қазан, 2016 сағат 11:19

Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық әріптестігін ресми түрде бекітті

Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы Тәжікстанмен стратегиялық әріптестік туралы келісімді мақұлдады. Екі ел арасында жасалған құжатқа өткен жылы 14 қыркүйекте Нұрсұлтан Назарбаевтың Душанбеге сапары барысында қол қойылған еді.

Қазақстан сенатының баспасөз қызметі таратқан ресми ақпарат бойынша, қабылданған құжатта тараптар бір-біріне қарсы күш қолданбауға немесе қоқан-лоқы көрсетпеуге, үшінші бір елмен екінші тараптың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына кесірі тиетін келісімге отырмауға міндетті екенін растайды.

Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мухтар Тілеубердінің сенаттың жалпы отырысында айтуынша, саяси диалогты жетілдіру, екі жақты қарым-қатынас мәселелері мен халықаралық өзекті проблемалар бойынша ұстанымдарын келесіп отыру осы құжатта қарастырылған.

"Таяу Шығыстағы оқиғалар, Ауғанстандағы жағдай, сондай-ақ террорлық ұйымдардың күшеюіне байланысты, Қазақстан Орталық Азияда, әсіресе Ауғанстанмен шекаралас Тәжікстанда тұрақтылықтың сақталуына аса мүдделі", - деді ол.

Тәжікстан парламенті бұл құжатты былтыр желтоқсан айында мақұлдаған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1254
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2779
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 904
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 852