Шаруалардың ісі өрге домалап келеді
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев жылда халыққа арнаған Жолдауларының басым бағыттарын кәсіпкерлікті дамытуға арнап келеді.
Шаруаларға көптеген жеңілдіктер ұсынылып, мемлекеттік бағдарламалар бекітіліп, мол өнім алуға өз септігін тигізуде.
Осы мақсатта бүгін «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» бірлесіп ұйымдастыруымен өткен «Мал шаруашылығын дамыту» тақырыбында тәжірибелік «Мастер класс» өтті.
Өз кәсібін енді ашуды жоспарлап жүрген бастамашыл тұрғындар мен оны әрі қарай дамыту ниетіндегі кәсіпкерлерге кәсіпкерліктің негіздері бойынша түсіндірілді. Қысқа мерзімдік оқыту жобасына қатысушыларға бизнесті ашу, маркетингтік және басқарушылық қабілетті дамыту, қаржы заңдылығы секілді бизнесті сауатты жүргізуге қатысты мәселелерде тәжірибесі мол, білікті Арыс қалалық кәсіпкерлік мектебінің бизнес тренері Ж.Кенжебеков дәріс оқыды.
Курсқа қатысқан Арыс қаласы бойынша барлығы 20 бастауыш кәсіпкерге курстан өткенін растайтын сертификаттар мен кітаптар табысталды.
Оқу курсына қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта кәсіпкер атанып еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Abai.kz