Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 5541 0 пікір 14 Қазан, 2016 сағат 15:45

ЕРМЕКБАЕВ «ИФТАР», «МАШАЛЛА» СЫНДЫ СӨЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНБАУҒА КЕҢЕС БЕРДІ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің ойымызша теріс діни идеологияға өзіміздің қазақы ұлттық мәдениетімізбен және Қазақстанда тұрып жатқан этностардың дәстүрлері мен мәдениетімен, рухани құндылықтарымен  тойтарыс бере аламыз. Ежелгі заманнан бері ата-бабамыздан жалғасын тауып келе жатқан дәстүріміз, өзіміздің мәдениетіміз, Қазақстанда тұрып жатқан басқа этностардың да салт-дәстүрлері мен мәдениеттері бар. Осыған байланысты біздің ұлттық дәстүрлі мәдениетімізге, әдет-ғұрыптарымызға қайшы келетін қайдағы бір шетелден келіп жатқан идеологияны немесе дәстүрлерді алу қисынсыз деп санаймыз»,-  деді министр.

Сонымен қатар ол қазақ тілі өте бай екендігін баса атап өте келе, қазіргі уақытта көптеген азаматтардың кірме сөздерді қолдануды әдетке айналдырғанын сынап өтті.

«Бүгінде жекелеген азаматтар өзіміздің тілімізде орныққан сөздердің орнына кірме сөздерді пайдаланатынына таңғаламыз. Мысал үшін, біздің ана тіліміздегі байырғы ауыз ашардың орнына ифтар, ал «Құдай қаласаның» орнынан «машалла» деп айтудың ешқандай қажеті жоқ деп ойлаймыз. Қысқа айтқанда, теріс және радикалды  жат  идеологияға Қазақстанның барлық ұлттарының дәстүрлі мәдениетімен, рухани құндылықтарымен тойтарыс бере аламыз деп сенеміз»,-  деді Ермекбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608