Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3537 0 пікір 13 Қазан, 2016 сағат 16:34

Ордабасыда жаңа мешіт ел игілігіне берілді

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы Көктөбе ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді. Қос кәсіпкер Ж.Өмірзақов пен С.Дәмірқажы демеушілік жасап, Көктөбе ауылына зәулім мешіт тұрғызды. Бұл туралы «Abai.kz» порталы ОҚО, Ордабасы ауданы әкімінің ресми интернет ресурсына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл күнге дейін тұрғындар 1830 жылы қабырғасы қаланған Жүніс әжі атындағы мешіттің қызметін пайдаланып келді. Көктөбелік қария Б.Исақов ескі ғимараттың үш ғасырға куә болғанын айтады. Ауыл тұрғындары жылда өз күштерімен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғимаратты жарамды күйге келтіріп тұрған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы А.Керімбек жамағатты айтулы күнмен құттықтап, бас муфтидің ізгі тілегін жеткізді. "Дәулеталыұлы Бегалы ата" мешітінің имамы Б.Әшірбай игі істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс хат табыстады.

Республикаға аты белгілі жас айтыскер-ақын Біржан Байтуов жомарт жандардың сауапты ісін жырмен әрлеп, көпшілікке ұсынды. Аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмек, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Л.Жүсіп көктөбеліктерді құттықтап, мешіт салудың сауабы жөнінде әңгімеледі. Ауыл тұрғындары өз тарапынан демеуші жігіттерге тұлпар мінгізіп, алғысын білдірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4154