Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2877 0 пікір 13 Қазан, 2016 сағат 08:48

Ақорда: Назарбаев халықаралық шараларға әзірге қатыспайды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев апта соңына дейін халықаралық шараларға қатыспайды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Оның айтуынша, президент кестесіне "бірқатар түзетулер" енгізілген, ал Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Кеңес жиналысына Қазақстан премьер-министрі қатысады.

Президент "суық тиіп қалуына байланысты" ем қабылдап жатыр, деді Үкібай. Оның айтуынша, Назарбаевтың денсаулық жағдайы жаман емес.

Назарбаев Ереванға 13 қазанда баруды жоспарлаған еді.

Ем қабылдап болған соң Назарбаев әдеттегідей жұмысқа шығатын болады, деді Үкібай.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2074
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4945
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4151